Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестивалі өтеді

23.02.2013 2258
Елордада 29 наурыздан 1 сәуірге дейін Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді. Оған Астананың үздік концерт залдарында өнер көрсететін 16-дан 35 жасқа дейінгі жас музыканттар қатысады. Бұл туралы astana.kz сайтына ұйымдастыру комитетінен мәлім етті.  Қазақстанның әр облысы байқаудың: 1. Классикалық вокал (әйелдер мен ерлер); 2. Домбыра; 3. Дирижер әр аталымына 2 қатысушы жібереді. Фестивальді ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Мәдениет басқармасы. «Бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 200 000 теңге ақшалай сыйлық. Сонымен қатар фестивальде мынандай марапаттар мен жүлделер тапсырылады: - Гран-при – ақшалай сыйлық (800 000 теңге); - 1-ші сыйлық – 600 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль; - 2-ші сыйлық – 300 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль; - 3-ші сыйлық – 150 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль», - делінген хабарламада.  astana.kz

Елордада 29 наурыздан 1 сәуірге дейін Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді. Оған Астананың үздік концерт залдарында өнер көрсететін 16-дан 35 жасқа дейінгі жас музыканттар қатысады. Бұл туралы astana.kz сайтына ұйымдастыру комитетінен мәлім етті. 
Қазақстанның әр облысы байқаудың:
1. Классикалық вокал (әйелдер мен ерлер);
2. Домбыра;
3. Дирижер әр аталымына 2 қатысушы жібереді.
Фестивальді ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Мәдениет басқармасы.
«Бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 200 000 теңге ақшалай сыйлық. Сонымен қатар фестивальде мынандай марапаттар мен жүлделер тапсырылады:
- Гран-при – ақшалай сыйлық (800 000 теңге);
- 1-ші сыйлық – 600 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;
- 2-ші сыйлық – 300 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;
- 3-ші сыйлық – 150 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль», - делінген хабарламада. 

astana.kz

Ұқсас материалдар