Қандастар Ассамблея

Жастар теория мен тәжірибені ұштастырды

22.02.2013 2390
Бүгін Астана іргесіндегі индустриялды-инновациялық парк аймағанда орналасқан «Көліктегі технологиялар орталығында» Астана мен Алматы және Тараз қалаларындағы мамандандырылған колледждердің 119 студенті озық технологиялармен жабдықталған оқыту орталығында біліктіліктерін жетілдіріп шықты.  Екі апталық оқыту курсының ерекшілігі - биыл диплом алатын жастар мұнда дуальдік оқыту жүйесі бойынша білімдерін толықтырды. Онда шәкірттер теория мен тәжірибені қатар ұштастыра білді. Нәтижесінде, өндірістік оқыту барысында өзінің озық ойлылығын жақсы қырынан көрсете білген жастармен келісімшарт түзіліп, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болатын көрінеді. Бұл дуальдық оқыту жүйесінің ерекшелгі, дейді Оқыту орталығыныі директоры Темірбек Ғайыпов. «Елде жүзеге асып жатқан инновациялық жобаларды еркін жүзеге асыруда Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, ұйымдастырған бұл шарамыз «Қазақстан 2050» стратегиясымен үндесіп, өзара ұштасып жатқанынан баса айтқым келеді. Сонымен қатар, жастарымызға салалық білім беруде өндіріс орындарындағы заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, озық үлгілермен үйрету бұл болашаққа салынған инвестиция екені сөзсіз. Сапалы кадрларды осылайша дайындау арқылы ұзақ мерзімді басым мақсаттарды еркін игеретінімізге сенімдімін, - дейді ол. Оның айтуынша, Орталық құрамында 16 кабинет пен 10 зертханадан тұратын оқу ғимараты бар. Барлық кабинеттер мен зертханалар заманауи технологиялармен жабдықталған. Сондай-ақ, кәсіпорынның басты міндеті дуалдық оқыту жүйесі негізінде мұнда жылына 15 мың адам білім алады. Атап айтқанда, теміржолшы машинистер, жылжымалы құрамдарды жөндеу слесарьлары, бас механиктер мен жол шеберлері секілді мамандық иелері өз біліктілігін жетілдіретін болады. BAQ.kz

Бүгін Астана іргесіндегі индустриялды-инновациялық парк аймағанда орналасқан «Көліктегі технологиялар орталығында» Астана мен Алматы және Тараз қалаларындағы мамандандырылған колледждердің 119 студенті озық технологиялармен жабдықталған оқыту орталығында біліктіліктерін жетілдіріп шықты. 
Екі апталық оқыту курсының ерекшілігі - биыл диплом алатын жастар мұнда дуальдік оқыту жүйесі бойынша білімдерін толықтырды. Онда шәкірттер теория мен тәжірибені қатар ұштастыра білді. Нәтижесінде, өндірістік оқыту барысында өзінің озық ойлылығын жақсы қырынан көрсете білген жастармен келісімшарт түзіліп, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болатын көрінеді.
Бұл дуальдық оқыту жүйесінің ерекшелгі, дейді Оқыту орталығыныі директоры Темірбек Ғайыпов.
«Елде жүзеге асып жатқан инновациялық жобаларды еркін жүзеге асыруда Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, ұйымдастырған бұл шарамыз «Қазақстан 2050» стратегиясымен үндесіп, өзара ұштасып жатқанынан баса айтқым келеді.
Сонымен қатар, жастарымызға салалық білім беруде өндіріс орындарындағы заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, озық үлгілермен үйрету бұл болашаққа салынған инвестиция екені сөзсіз. Сапалы кадрларды осылайша дайындау арқылы ұзақ мерзімді басым мақсаттарды еркін игеретінімізге сенімдімін, - дейді ол.
Оның айтуынша, Орталық құрамында 16 кабинет пен 10 зертханадан тұратын оқу ғимараты бар. Барлық кабинеттер мен зертханалар заманауи технологиялармен жабдықталған.
Сондай-ақ, кәсіпорынның басты міндеті дуалдық оқыту жүйесі негізінде мұнда жылына 15 мың адам білім алады. Атап айтқанда, теміржолшы машинистер, жылжымалы құрамдарды жөндеу слесарьлары, бас механиктер мен жол шеберлері секілді мамандық иелері өз біліктілігін жетілдіретін болады.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар