Қандастар Ассамблея

Өмірбаяны

22.02.2013 4762
Жаменкеева Шәмшәгүл 1949 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан ауылында туған. 1965 жылы Жамбыл мәдени-ағарту училищесін, 1971 жылы Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы өнер институтының актерлік бөлімін бітірген. 1971 жылдан Жамбыл облыстық қазақ театрында актриса болып жұмыс жасап келеді. Ш.Жаманкеева осы жылдар ішінде елуден аса кейіпкерді сахнаға шығарды. Олардың ішінде Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу қыздар-ай» қойылымында Айсұлу (қоюшы режиссері – А.Оңалбаев), М.Шолоховтың «Тынық Донында» Дуняша (қоюшы режиссері – М.Байсеркенов), Б.Лавреневтің «Күйруінде» Ксения (қоюшы режиссері – А.Сәлімбаев пен Т.Дүйсебаев), Н.Байғанин мен Р.Досматовтың «Нарқызында» Нарқыз (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов), Б.Әбілдаевтың «Айша бибісінде» Айша бибі (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов, М.Бекхожин), Е.Әлімжановтың «Бір қазаққа – бір қатынында» Шөпгүл (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Ниса (қоюшы режиссері – О.Кенебаев), «Супер келінінде» Башорат (қоюшы режиссері – К.Касенов), Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймағанында» Сәлима (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), Ф.Бөлековтің «Кемпірлер байға тигенде» спектаклінде Ақлима (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), Ж.Б.Мольердің «Бәледен құтылдың, медицана!» қойылымында Жаклина (қоюшы режиссері – М.Ахманов), У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» пьесасында Маргарита (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдығында» Сәбира (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Шәмшінің анасы (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), М.Байжиевтің «Тіл табысқандарында» Болдухан (қоюшы режиссері – А.Сағымбекова), рөлдерін ерекше тартымды сомдады. Ш.Жаменкеева образдарының мінез-құлқына айрықша мән беретін, пьеса идеясы мен режиссер ойын дәл сезе білетін, ішкі және сыртқы пластикасы бір-біріне сай, әртүрлі жанрдағы образдарды сомдай алатын сахна шебері. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі. 1978-1980 жылдары қалалық Кеңеске депутат болып сайланды. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағын иеленді. 2011 жылы М.Шолоховтың 100 жылдығына орай өткізілген шарада М.Шолохов атындағы арнайы медальмен марапатталды. Ш.Жәменкеева туралы қазақ баспасөз беттеріне жарыққа шыққан мақалалар Я.Шынасылұлы. «Бір қазаққа бір қатын» / Қазақ әдебиеті, 1992 ж.  Ұ.Айтөленова. «Өрлеу» / Еңбек туы, 1980 ж., 27 наурыз. А.Әлімов. «Қара шаңырақтың қасиеті». Жамбыл облыстық қазақ драма театрының Оралдағы гастролі / Орал газеті. С.Әлібаев. «Актер һәм кейіпкерлер галереясы» / Жамбыл-Тараз, 1999 ж., 4 наурыз.

Жаменкеева Шәмшәгүл 1949 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан ауылында туған.
1965 жылы Жамбыл мәдени-ағарту училищесін, 1971 жылы Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы өнер институтының актерлік бөлімін бітірген.
1971 жылдан Жамбыл облыстық қазақ театрында актриса болып жұмыс жасап келеді.
Ш.Жаманкеева осы жылдар ішінде елуден аса кейіпкерді сахнаға шығарды. Олардың ішінде Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу қыздар-ай» қойылымында Айсұлу (қоюшы режиссері – А.Оңалбаев), М.Шолоховтың «Тынық Донында» Дуняша (қоюшы режиссері – М.Байсеркенов), Б.Лавреневтің «Күйруінде» Ксения (қоюшы режиссері – А.Сәлімбаев пен Т.Дүйсебаев), Н.Байғанин мен Р.Досматовтың «Нарқызында» Нарқыз (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов), Б.Әбілдаевтың «Айша бибісінде» Айша бибі (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов, М.Бекхожин), Е.Әлімжановтың «Бір қазаққа – бір қатынында» Шөпгүл (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Ниса (қоюшы режиссері – О.Кенебаев), «Супер келінінде» Башорат (қоюшы режиссері – К.Касенов), Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймағанында» Сәлима (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), Ф.Бөлековтің «Кемпірлер байға тигенде» спектаклінде Ақлима (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), Ж.Б.Мольердің «Бәледен құтылдың, медицана!» қойылымында Жаклина (қоюшы режиссері – М.Ахманов), У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» пьесасында Маргарита (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдығында» Сәбира (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Шәмшінің анасы (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов), М.Байжиевтің «Тіл табысқандарында» Болдухан (қоюшы режиссері – А.Сағымбекова), рөлдерін ерекше тартымды сомдады.
Ш.Жаменкеева образдарының мінез-құлқына айрықша мән беретін, пьеса идеясы мен режиссер ойын дәл сезе білетін, ішкі және сыртқы пластикасы бір-біріне сай, әртүрлі жанрдағы образдарды сомдай алатын сахна шебері.
Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі.
1978-1980 жылдары қалалық Кеңеске депутат болып сайланды.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағын иеленді.
2011 жылы М.Шолоховтың 100 жылдығына орай өткізілген шарада М.Шолохов атындағы арнайы медальмен марапатталды.

Ш.Жәменкеева туралы қазақ баспасөз беттеріне жарыққа шыққан мақалалар

  • Я.Шынасылұлы. «Бір қазаққа бір қатын» / Қазақ әдебиеті, 1992 ж.
  •  Ұ.Айтөленова. «Өрлеу» / Еңбек туы, 1980 ж., 27 наурыз.
  • А.Әлімов. «Қара шаңырақтың қасиеті». Жамбыл облыстық қазақ драма театрының Оралдағы гастролі / Орал газеті.
  • С.Әлібаев. «Актер һәм кейіпкерлер галереясы» / Жамбыл-Тараз, 1999 ж., 4 наурыз.