Қандастар Ассамблея

Біз талантты жастарды іздейміз

22.02.2013 3200
Президентіміз Н. Назарбаевтың желтоқсан айында ел халқына арнаған «Қазақстан 2050» стратегиялық жолдауында көрсетілген жастар тәрбиесіне қатысты бағыт-бағдар бойынша ОҚО, Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасау мақсатында И.Рыбалко жалпы орта мектеп оқушылары арасында «Біз талантты жастарды іздейміз», «Кітап рухани қазына», «Жастар арасында нашақорлық және СПИД-тің алдын алу» және «Спорт денсаулық кепілі» тақырыптарында семинар-тренингтер, кездесулер, спорттық іс-шаралар өткізілді. Кездесуге аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы А.Бекболатова, аудандық емхана психологі Г.Төлепбергенова мен И.Рыбалко жалпы орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кездесулердің мақсаты - жастарға есірткі және ЖИТС туралы кеңінен мәлімет беру, жастардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау әдеттерін қалыптастыру, жастарды саламатты өмір салтына бейімдеу, спорттық ойындарды дамыту және жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, жас спортшылардың шеберліктерін шыңдау, жастарды кітап оқуға шақыру, олардың арасында шешендік өнерді дамыту, бойларына адами қасиеттерді сіңіруге бағыттау болып табылады. Шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиянақты жауаптарын алды. Кездесуді аудандық «Жастар орталығының» директоры Марат Қалтаев қорытындылап, ұйымдастырылып отырған мұндай шараның барлығы да Елбасымыздың «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген бағыт-бағдар бойынша жүзеге асырылып жатқан жастар тәрбиесіне қатысты жұмыстардың бір бөлігі екендігін атап өтті. Осы мақсатта жас ұрпақты өнер мен білімге, еңбек сүйгіштікке олардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет екендігін нақтылай түсті. Жиын соңында іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларға аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығының» алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. BAQ.kz

Президентіміз Н. Назарбаевтың желтоқсан айында ел халқына арнаған «Қазақстан 2050» стратегиялық жолдауында көрсетілген жастар тәрбиесіне қатысты бағыт-бағдар бойынша ОҚО, Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасау мақсатында И.Рыбалко жалпы орта мектеп оқушылары арасында «Біз талантты жастарды іздейміз», «Кітап рухани қазына», «Жастар арасында нашақорлық және СПИД-тің алдын алу» және «Спорт денсаулық кепілі» тақырыптарында семинар-тренингтер, кездесулер, спорттық іс-шаралар өткізілді.

Кездесуге аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы А.Бекболатова, аудандық емхана психологі Г.Төлепбергенова мен И.Рыбалко жалпы орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кездесулердің мақсаты - жастарға есірткі және ЖИТС туралы кеңінен мәлімет беру, жастардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау әдеттерін қалыптастыру, жастарды саламатты өмір салтына бейімдеу, спорттық ойындарды дамыту және жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, жас спортшылардың шеберліктерін шыңдау, жастарды кітап оқуға шақыру, олардың арасында шешендік өнерді дамыту, бойларына адами қасиеттерді сіңіруге бағыттау болып табылады. Шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиянақты жауаптарын алды. Кездесуді аудандық «Жастар орталығының» директоры Марат Қалтаев қорытындылап, ұйымдастырылып отырған мұндай шараның барлығы да Елбасымыздың «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген бағыт-бағдар бойынша жүзеге асырылып жатқан жастар тәрбиесіне қатысты жұмыстардың бір бөлігі екендігін атап өтті. Осы мақсатта жас ұрпақты өнер мен білімге, еңбек сүйгіштікке олардың бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруымыз қажет екендігін нақтылай түсті. Жиын соңында іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларға аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығының» алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар