Құрманғазы Сағырбаевқа арналған мерекелік шара өтті (видео)

21.02.2013 2660
Қостанайда күйші, қазақ күй өнеріне өлшеусіз үлес қосқан асқан дарын иесі Құрманғазы Сағырбаевқа арналған мерекелік шара өтті. Патша отаршылдарына қарсы күрескен тұлға жайлы шағын қойылыммен шығармашылық кеш шымылдығын ашты. Оның «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Кішкентай» «Аман бол, шешем, аман бол» сияқты көптеген күйі күрес жылдарында туды. Құрылғанына бес жыл болған Қостанай облыстық Елубай Өмірзақов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің репертуарында Құрманғазы күйлері елеулі орын алады. Соның ең үздігі  жұртшылық назарына ұсынылды. Филармония ұжымы бұл кешке 2 ай бойы дайындалған. 40 өнерпаздан құралған Тобыл оркестрінің келешекте өнерпаздар құрамы да, репертуары да кеңеймек. Назымбек МОЛДАХМЕТОВ, Қазақ ұлт аспаптары оркестрінің жетекшісі: - Елімізде алғаш рет Құрманғазы бабамыздың 190 жылдығына арнап кеш өткізіп жатырмыз. Құрманғазы күйі көп. Болашақта Шақшақ Жәнібек, Ыбырай сияқты шығармалар жазылады. Ол тек Қостанай оркестрінің шығармасы болмақ.  

Қостанайда күйші, қазақ күй өнеріне өлшеусіз үлес қосқан асқан дарын иесі Құрманғазы Сағырбаевқа арналған мерекелік шара өтті. Патша отаршылдарына қарсы күрескен тұлға жайлы шағын қойылыммен шығармашылық кеш шымылдығын ашты. Оның «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Кішкентай» «Аман бол, шешем, аман бол» сияқты көптеген күйі күрес жылдарында туды. Құрылғанына бес жыл болған Қостанай облыстық Елубай Өмірзақов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің репертуарында Құрманғазы күйлері елеулі орын алады. Соның ең үздігі  жұртшылық назарына ұсынылды. Филармония ұжымы бұл кешке 2 ай бойы дайындалған. 40 өнерпаздан құралған Тобыл оркестрінің келешекте өнерпаздар құрамы да, репертуары да кеңеймек.

Назымбек МОЛДАХМЕТОВ, Қазақ ұлт аспаптары оркестрінің жетекшісі:

- Елімізде алғаш рет Құрманғазы бабамыздың 190 жылдығына арнап кеш өткізіп жатырмыз. Құрманғазы күйі көп. Болашақта Шақшақ Жәнібек, Ыбырай сияқты шығармалар жазылады. Ол тек Қостанай оркестрінің шығармасы болмақ.

 

Ұқсас материалдар