Қандастар Ассамблея

Өскеменде алғашқы рет «Мәдени WEEKEND» акциясы бастау алады

21.02.2013 1804
2013 жылдың 23 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен облысымызда алғашқы рет «Мәдени WEEKEND» акциясы бастау алады, - деп хабарлайды ШҚО мәдениет басқармасының баспасөз қызметі. Акцияның мақсаты тұрғындар арасында мәдениет деңгейін көтеру, мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысымен таныстыру, жаңадан ашылған, құрылған шығармашылық топтармен таныстыру, мұражай және кітапхана қорларымен таныстару болып табылады. Өздеріңізге белгілі, әрбір мемлекетік қызметкер көп уақытты жұмыс орнында өткізеді. Аталмыш акция аясында мемлекеттік қызметкерлер мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысымен танысып, мәдени іс-шараларға қатысып, жақынырақ таныса алады. Мысалға, театрлар өздерінің жаңа қойылымдарын, мұражайлар өздерінің көрме жұмыстарын таныстырып, экскурсия жүргізеді. Кітапханалар мемлекеттік қызметкерлерді жаңадан игерілген ақпараттық технологиялармен және кітапхана қорымен таныстырады. Облыстық Достық үйі мен облыстық мемлекеттік филармония концерттік бағдарлама ұйымдастырады. BAQ.kz

2013 жылдың 23 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен облысымызда алғашқы рет «Мәдени WEEKEND» акциясы бастау алады, - деп хабарлайды ШҚО мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.
Акцияның мақсаты тұрғындар арасында мәдениет деңгейін көтеру, мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысымен таныстыру, жаңадан ашылған, құрылған шығармашылық топтармен таныстыру, мұражай және кітапхана қорларымен таныстару болып табылады.
Өздеріңізге белгілі, әрбір мемлекетік қызметкер көп уақытты жұмыс орнында өткізеді. Аталмыш акция аясында мемлекеттік қызметкерлер мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысымен танысып, мәдени іс-шараларға қатысып, жақынырақ таныса алады.
Мысалға, театрлар өздерінің жаңа қойылымдарын, мұражайлар өздерінің көрме жұмыстарын таныстырып, экскурсия жүргізеді. Кітапханалар мемлекеттік қызметкерлерді жаңадан игерілген ақпараттық технологиялармен және кітапхана қорымен таныстырады. Облыстық Достық үйі мен облыстық мемлекеттік филармония концерттік бағдарлама ұйымдастырады.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар