Қандастар Ассамблея

Өмірбаяны

21.02.2013 3565
Шүленбаев Жорабек Сыздықұлы 1930 жылы Қызылорда қаласында туылған. 1952 жылы Н.Островский атындағы Ташкент мемлекеттік театр иниститутының актерлік бөлімін бітіріп, Жамбыл облысы қазақ драма театрының актері болып орналасқан. Театр ұжымында ол М. Әуезовтің «Қаракөз» спектакліндегі Сырым, «Абайында» Айдар, «Еңлік-Кебегінде» Еспенбет, Абыз, В.Шекспирдің, «Дуалы түнгі думанында» Эгей, «Отеллосында» Дольж, «Гамлетінде» Полонский, Н.Гогольдің «Ревизорында» Хлестаков секілді  күрделі де, басты образдарды  сәтті шығарумен танылды. Ж.Шүленбаев театрдың аса талантты актерлерімен иық теңестіре жүріп, биік деңгейде көрінуге үлес қосқан үлкен ойлы актерлардың бірі болды. Ол өзіндік өрнегімен, назды нақышымен, ширақ қимылымен, сезім қылын шерте білетін сыршылдығымен  танылды. Ж.Шүленбаев 60-тан аса рөлде ойнап, 1976 жылы «Қазақ КСР-інің еңбек  сіңірген әртісі» атағын алған өнер иесі.

Шүленбаев Жорабек Сыздықұлы 1930 жылы Қызылорда қаласында туылған.

1952 жылы Н.Островский атындағы Ташкент мемлекеттік театр иниститутының актерлік бөлімін бітіріп, Жамбыл облысы қазақ драма театрының актері болып орналасқан.

Театр ұжымында ол М. Әуезовтің «Қаракөз» спектакліндегі Сырым, «Абайында» Айдар, «Еңлік-Кебегінде» Еспенбет, Абыз, В.Шекспирдің, «Дуалы түнгі думанында» Эгей, «Отеллосында» Дольж, «Гамлетінде» Полонский, Н.Гогольдің «Ревизорында» Хлестаков секілді  күрделі де, басты образдарды  сәтті шығарумен танылды.

Ж.Шүленбаев театрдың аса талантты актерлерімен иық теңестіре жүріп, биік деңгейде көрінуге үлес қосқан үлкен ойлы актерлардың бірі болды. Ол өзіндік өрнегімен, назды нақышымен, ширақ қимылымен, сезім қылын шерте білетін сыршылдығымен  танылды.

Ж.Шүленбаев 60-тан аса рөлде ойнап, 1976 жылы «Қазақ КСР-інің еңбек  сіңірген әртісі» атағын алған өнер иесі.