Қандастар Ассамблея

Қазақстанда жастар ұйымдарын дамыту стратегиясының жобасы әзірленді - Н.Өтешов

20.02.2013 1984
Қазақстанда республикалық жастар ұйымдарын дамыту стратегиясының жобасы әзірленді.Бұл жөнінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешов мәлім етті, деп хабарлайды BNews. kz тілшісі. «Республикалық Жастар ұйымдарын дамыту стратегиясының жобасын әзірледік. Ол мемлекеттік органдарға жіберілді. Бірінші кезекте жастар саясатын кешенді түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету маңызды деп есептейміз»,- деп атап өтті Өтешов. Мұнымен қатар барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар 2014 жылдың соңына дейін өз стратегиялық жоспарларында жастармен жұмыс жөніндегі бөлімді анықтауы қажет. Бұл Елбасының тапсырмасы деп атап өтті комитет төрағасының міндетін атқарушы. Айымгүл Әбілева

Қазақстанда республикалық жастар ұйымдарын дамыту стратегиясының жобасы әзірленді.Бұл жөнінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында жастар ісі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Өтешов мәлім етті, деп хабарлайды BNews. kz тілшісі.

«Республикалық Жастар ұйымдарын дамыту стратегиясының жобасын әзірледік. Ол мемлекеттік органдарға жіберілді. Бірінші кезекте жастар саясатын кешенді түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету маңызды деп есептейміз»,- деп атап өтті Өтешов.

Мұнымен қатар барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар 2014 жылдың соңына дейін өз стратегиялық жоспарларында жастармен жұмыс жөніндегі бөлімді анықтауы қажет. Бұл Елбасының тапсырмасы деп атап өтті комитет төрағасының міндетін атқарушы.

Айымгүл Әбілева

Ұқсас материалдар