Көлеңкелі экономика

08.11.2012 8981
  Соңғы редакциялау:  19 қазан 2012   Көлеңкелі экономика – 1) үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету; 2) жекелеген азаматтар, әлеум. топтар тарапынан мемл., жекеше, акцион. және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемл. басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеум.-экон. қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экон. қызметтің күллі түрінің әлеум.-экон. әдебиеттегі атауы. К. э-ның бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми статистикада ескерілмейтін) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар. Кеңес Одағы кезінде де болған. Көптеген елдерге тән. Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты К. э. ТМД елдерінде кең етек алды. К. э. құрылымы экон. қатынастардың қылмыстық тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді. Біріншіден, Әділет мин-нде, мемл. органдарда тіркелген жекелеген азаматтар және бірлестіктер арасындағы экон. қатынастар (“екінші” экономика). Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т.б. жатады. Шаруашылық заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық қызметтерінің әлсіздігі, экон. қатынастарды әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеум. және экон. тұрлаусыздық, т.б. кедергі жасауда. Екіншіден, бұл шаруашылықты жүргізудің қолданыстағы жүйесінің жетілдірілмеуі себепті жеке басылық және топтық мүдделерді қанағаттандыратын бейресми, көбінесе, жалған экон. қатынастар. Мұндай бейресми экон. қатынастардың қатарына: қоғамдық өнімнің қайталанған шоты, есеп-қисаптағы қосып жазушылық және басқа бұрмалаушылық, арзан шикізат пайдаланып сапасыз өнім шығарып, асыра бағалап сату, өнімсіз шығыстар мен шығасылар, шикізатты, дайын өнімді, т.б. баспабас айырбастау ретінде көрініс табады, мұның өзі айтарлықтай көлденең кіріс алуға мүмкіндік береді. Көлеңкелі қатынастардың аталған түрлері ресми экон. құрылымдардың ішінде бой тасалап жұмыс істейді және сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, қорқытып алушылықпен, т.б. ұштасады. Үшіншіден, бұл заңсыз өндірістік қызметке, қызмет бабын теріс пайдалануға, экономиканың өндірістік және бөлістік аясына пайдакүнемдікпен, зорлықпен басып кіруге негізделген қылмыстық қатынастар. К. э. қатынастарының бұл тұрпаты экон. қылмыстылықтың көптеген түрлерін, соның ішінде оның неғұрлым қоғамға қауіпті көріністегі пішіні – ұйымдасқан экон. қылмысты қамтиды. Ол, көбінесе, адам құқықтарының, еңбек заңының сақталмауымен заңсыз өндірістік қызмет, пайдакүнемдікпен жасалатын лауазымды шаруашылық қылмыстар, есірткі бизнесі, заңсыз құмар ойын бизнесі, аламандық (рэкет), т.б. сипатты құқық бұзушылықтар болып табылады. Табысты және табыстың көлемін салық салудан жасырушылық К. э-ның кең таралған құбылысына айналады. К. э-ға қарсы күрес – икемді салық жүйесін жасау, шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т.б. іс-шаралар арқылы пәрменділік сипат алады. С. Тоқсанбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Соңғы редакциялау: 

19 қазан 2012

 

Көлеңкелі экономика – 1) үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету; 2) жекелеген азаматтар, әлеум. топтар тарапынан мемл., жекеше, акцион. және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемл. басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеум.-экон. қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экон. қызметтің күллі түрінің әлеум.-экон. әдебиеттегі атауы. К. э-ның бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми статистикада ескерілмейтін) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар. Кеңес Одағы кезінде де болған. Көптеген елдерге тән. Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты К. э. ТМД елдерінде кең етек алды. К. э. құрылымы экон. қатынастардың қылмыстық тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді.

Біріншіден, Әділет мин-нде, мемл. органдарда тіркелген жекелеген азаматтар және бірлестіктер арасындағы экон. қатынастар (“екінші” экономика). Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т.б. жатады. Шаруашылық заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық қызметтерінің әлсіздігі, экон. қатынастарды әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеум. және экон. тұрлаусыздық, т.б. кедергі жасауда.

Екіншіден, бұл шаруашылықты жүргізудің қолданыстағы жүйесінің жетілдірілмеуі себепті жеке басылық және топтық мүдделерді қанағаттандыратын бейресми, көбінесе, жалған экон. қатынастар. Мұндай бейресми экон. қатынастардың қатарына: қоғамдық өнімнің қайталанған шоты, есеп-қисаптағы қосып жазушылық және басқа бұрмалаушылық, арзан шикізат пайдаланып сапасыз өнім шығарып, асыра бағалап сату, өнімсіз шығыстар мен шығасылар, шикізатты, дайын өнімді, т.б. баспабас айырбастау ретінде көрініс табады, мұның өзі айтарлықтай көлденең кіріс алуға мүмкіндік береді. Көлеңкелі қатынастардың аталған түрлері ресми экон. құрылымдардың ішінде бой тасалап жұмыс істейді және сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, қорқытып алушылықпен, т.б. ұштасады.

Үшіншіден, бұл заңсыз өндірістік қызметке, қызмет бабын теріс пайдалануға, экономиканың өндірістік және бөлістік аясына пайдакүнемдікпен, зорлықпен басып кіруге негізделген қылмыстық қатынастар. К. э. қатынастарының бұл тұрпаты экон. қылмыстылықтың көптеген түрлерін, соның ішінде оның неғұрлым қоғамға қауіпті көріністегі пішіні – ұйымдасқан экон. қылмысты қамтиды. Ол, көбінесе, адам құқықтарының, еңбек заңының сақталмауымен заңсыз өндірістік қызмет, пайдакүнемдікпен жасалатын лауазымды шаруашылық қылмыстар, есірткі бизнесі, заңсыз құмар ойын бизнесі, аламандық (рэкет), т.б. сипатты құқық бұзушылықтар болып табылады. Табысты және табыстың көлемін салық салудан жасырушылық К. э-ның кең таралған құбылысына айналады. К. э-ға қарсы күрес – икемді салық жүйесін жасау, шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т.б. іс-шаралар арқылы пәрменділік сипат алады.

С. Тоқсанбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Ұқсас материалдар