Ескерткіш

08.11.2012 8863
Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012   ЕСКЕРТКІШ — 1) кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет Е-терінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын Е-терді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша Е-терді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері Е-тері, монументтік (мүсін) өнері Е-тері. Сондай-ақ, Е-терге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды Е. деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті Е-і, жазба Е., өнер Е-і, сәулет Е-і, археол. Е., ұлттық дәстүрлі қолөнер Е-і, діни Е., т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археолог. және сәулет Е-тері — ең алғашқы Е. түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемл. деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды; 2) тар мағынасында — ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда Е., әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Е-тің кең тараған түрі де осы — көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады. Үлген адамға Е. орнату дәстүрі ерте заманда-ақ пайда болған. Мыс., ежелгі Грекияда аса көрнекті қолбасшылар мен қоғам қайраткерлерінің құрметіне, Римде императорларға Е. қойылған. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда Микеланджело, Францияда Т.Бонтан, т.б. сияқты мүсін өнері шеберлерінің аты әйгілі болды. 19 ғ-да Еуропа мен Америкада әр түрлі оқиғаларға, 20 ғ-да ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлеріне, жазушы, суретші, музыкашыларға Е-тер жасау үрдісі кең етек алды. Ресейде 18 ғ-да және 19 ғ-дың 1-жартысында мүсіншілер К.Б. Растрелли, М.И. Козловский, Б.И. Орловский, И.П. Мартостың жобасы бойынша Санкт-Петербург пен Мәскеуде Петр Қ-ге, А.В. Суворовқа, М.И. Кутузовқа, К.Минин мен Д.Пожарскийге Е. орнатылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап Н.А. Андреев, Н.В. Томский, В.И. Мухина, К.М. Мерашвили, т.б. мүсіншілер көптеген қалаларда даңқты адамдарға тұлғалы Е-тер орнатылуына үлес қосты. 1941 — 45 жылдардағы өлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған Е-тер өте көп. Солардың ішіндегі ең күрделісі — Берлиндегі кеңес әскері жауынгерлері құрметіне тұрғызылған (мүсіншілер Е.В. Вучетич, Я.Б. Белопольский) тарихи-мемориалдық ескерткіш. Қазақстанда Е. орнату 1940 жылдан кейін кең өріс алды. Алғашқы Е-тердің бірі — Алматыдағы “Амангелді Иманов” ескерткіші (Мүсінші Х.Б. Асқар-Сарыджа, сәулетші Т.Бәсенов; 1947). Белгілі мүсінші Х.Наурызбаевтың “Абай” (1960), “Шоқан Уәлиханов” (1969, екеуі де Алматыда), “Жамбыл Жабаев” (1964, Тараз), “Амангелді Иманов” (1959, Қостанай обл. Амангелді ауд.), Т.Досмағамбетовтің “Шоқан Уәлиханов” (1972, Көкшетау), Ю.Г. Былыктың “Нұркен Әбдіров” (1969, Қарағанды), т.б. мүсін-ескерткіштері Қазақстандағы алғашқы Е-дің ең көрнектілері болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де ұмытылмас есімдер мен тарихи оқиғаларды жаңғыртатын бірқатар Е-тер тұрғызылды. Олар: мүсінші Б.Әбішевтің “Жамбыл” (1996, Алматы), Республика тәуелсіздігіне арналған кешен — “Тәуелсіздік монументі” (авторлық шығарм. топ жетекшісі — Ш.Ы. Уәлиханов, мүсіншілер А.Жұматаев, Н.Далбай, К.Сұранышев, А.Боярлин, М.Мансұров, К.Сатыбалдин; сәулетшілер — Қ.Монтахаев, Н.Жарылғапов; 1997, Алматы), мүсіншілер Боярлин мен Т.Мырзагелдиннің “Саяси қуғын-сүргін зобалаңынан құрбан болғандарға ескерткіш” (монумент; авторлық топ жетекшісі — Т.Сүлейменов, сәулетші А.Ордабаев, А.Кенжетаев, Монтахаев; 1997, Астана), мүсінші Досмағамбетовтің “Қаныш Сәтбаев” (1999, Алматы), мүсінші К.Кәкімовтің “Сұлтан Бейбарыс” (2000, Атырау), қазақ елінің бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі ретінде Ордабасы тауында орнатылған “Ордабасы кешені” (сәулетші ұ.Садырбаев, 1997, Оңт. Қазақстан обл.) Е-тері, т.б. Сондай-ақ, әдебиет, өнер, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қабірі басына бейне-мүсін қою немесе олар тұрған үйдің қасбетіне жазулы Е. тақта орнату да дәстүрге айналған. Ж. Шәйкен Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

 

ЕСКЕРТКІШ — 1) кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет Е-терінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын Е-терді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша Е-терді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері Е-тері, монументтік (мүсін) өнері Е-тері. Сондай-ақ, Е-терге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды Е. деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті Е-і, жазба Е., өнер Е-і, сәулет Е-і, археол. Е., ұлттық дәстүрлі қолөнер Е-і, діни Е., т.б. деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археолог. және сәулет Е-тері — ең алғашқы Е. түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемл. деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды; 2) тар мағынасында — ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда Е., әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Е-тің кең тараған түрі де осы — көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге (қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына) орнатылады. Үлген адамға Е. орнату дәстүрі ерте заманда-ақ пайда болған. Мыс., ежелгі Грекияда аса көрнекті қолбасшылар мен қоғам қайраткерлерінің құрметіне, Римде императорларға Е. қойылған. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда Микеланджело, Францияда Т.Бонтан, т.б. сияқты мүсін өнері шеберлерінің аты әйгілі болды. 19 ғ-да Еуропа мен Америкада әр түрлі оқиғаларға, 20 ғ-да ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлеріне, жазушы, суретші, музыкашыларға Е-тер жасау үрдісі кең етек алды. Ресейде 18 ғ-да және 19 ғ-дың 1-жартысында мүсіншілер К.Б. Растрелли, М.И. Козловский, Б.И. Орловский, И.П. Мартостың жобасы бойынша Санкт-Петербург пен Мәскеуде Петр Қ-ге, А.В. Суворовқа, М.И. Кутузовқа, К.Минин мен Д.Пожарскийге Е. орнатылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап Н.А. Андреев, Н.В. Томский, В.И. Мухина, К.М. Мерашвили, т.б. мүсіншілер көптеген қалаларда даңқты адамдарға тұлғалы Е-тер орнатылуына үлес қосты. 1941 — 45 жылдардағы өлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған Е-тер өте көп. Солардың ішіндегі ең күрделісі — Берлиндегі кеңес әскері жауынгерлері құрметіне тұрғызылған (мүсіншілер Е.В. Вучетич, Я.Б. Белопольский) тарихи-мемориалдық ескерткіш. Қазақстанда Е. орнату 1940 жылдан кейін кең өріс алды. Алғашқы Е-тердің бірі — Алматыдағы “Амангелді Иманов” ескерткіші (Мүсінші Х.Б. Асқар-Сарыджа, сәулетші Т.Бәсенов; 1947). Белгілі мүсінші Х.Наурызбаевтың “Абай” (1960), “Шоқан Уәлиханов” (1969, екеуі де Алматыда), “Жамбыл Жабаев” (1964, Тараз), “Амангелді Иманов” (1959, Қостанай обл. Амангелді ауд.), Т.Досмағамбетовтің “Шоқан Уәлиханов” (1972, Көкшетау), Ю.Г. Былыктың “Нұркен Әбдіров” (1969, Қарағанды), т.б. мүсін-ескерткіштері Қазақстандағы алғашқы Е-дің ең көрнектілері болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де ұмытылмас есімдер мен тарихи оқиғаларды жаңғыртатын бірқатар Е-тер тұрғызылды. Олар: мүсінші Б.Әбішевтің “Жамбыл” (1996, Алматы), Республика тәуелсіздігіне арналған кешен — “Тәуелсіздік монументі” (авторлық шығарм. топ жетекшісі — Ш.Ы. Уәлиханов, мүсіншілер А.Жұматаев, Н.Далбай, К.Сұранышев, А.Боярлин, М.Мансұров, К.Сатыбалдин; сәулетшілер — Қ.Монтахаев, Н.Жарылғапов; 1997, Алматы), мүсіншілер Боярлин мен Т.Мырзагелдиннің “Саяси қуғын-сүргін зобалаңынан құрбан болғандарға ескерткіш” (монумент; авторлық топ жетекшісі — Т.Сүлейменов, сәулетші А.Ордабаев, А.Кенжетаев, Монтахаев; 1997, Астана), мүсінші Досмағамбетовтің “Қаныш Сәтбаев” (1999, Алматы), мүсінші К.Кәкімовтің “Сұлтан Бейбарыс” (2000, Атырау), қазақ елінің бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі ретінде Ордабасы тауында орнатылған “Ордабасы кешені” (сәулетші ұ.Садырбаев, 1997, Оңт. Қазақстан обл.) Е-тері, т.б. Сондай-ақ, әдебиет, өнер, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қабірі басына бейне-мүсін қою немесе олар тұрған үйдің қасбетіне жазулы Е. тақта орнату да дәстүрге айналған.

Ж. Шәйкен

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Ұқсас материалдар