Қандастар Ассамблея

Тұңғыш Президент мұражайында Қазақбай Әжібекұлының жеке көркем көрмесі ашылды

20.02.2013 2255
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында танымал қазақстандық кескіндемеші Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман»  атты жеке көрмесі ашылды. Көрме 2013 жылдың 18 наурызына дейін жалғасады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар. Қ. Әжібекұлы – суретші-монументалист. Оның картиналарының басты тақырыбы тарихи мұра, көне жәдігерлер, ұлы тұлғалар бейнесі  мен ұлы оқиғалар болып келеді. Мәселен, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы жиынтығынан «Жеті жарғы» (2003 жыл) полотнасында ұлы тұлғалар бейнеленген. «Көрме экспозициясы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының қорында сақталған бұрынғы жұмыстары мен әлемдік қауымдастықты толғандырған көзқарастар тұрғысынан алғанда адамды ойландаратын жаңа дүниелерді,  туған халқының көркем жылнамасын жасауға  ұмтылған тың туындыларды көруге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. Қазақбай Әжібекұлы Елбасының шақыруымен жас астанаға алғашқы келген жас суретшілердің қатарында.  Осы жердің тумасы үшін (Қазақбай Әжібекұлы 1966 жылы Целиноград облысы Бестамақ ауылында дүниеге келген) оның көз алдында өтіп жатқан ғажап өзгерістер оның қиялын қанаттандырмай  қойған жоқ. Еліне, заманына деген сүйіспеншіліктен ол даланың дарқандығынан, халқының салт-дәстүрінен, ұлтының жүріп өткен іздерінен  терең ойлар іздеп, түйе білді. Ұйымдастырушылар оның  «Астана таңы» (2003 ж.) картинасынан көркем ойдың негіздерін көреді. Онда жаңа Қазақстанды, жаңа қоғамды, оның жаңа көшбасшысын жарқын кейіпте  көрсете білу бар. Қазір Қ.Әжібекұлы  – тұлғаланған  автор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, көптеген сыйлықтардың лауреаты. Атап айтсақ, Ә.Қастеев атындағы арнайы сыйлықтың  (1999 ж.),  «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының (2001 ж.) иегері. Сондай-ақ, ол көптеген байқаулардың жеңімпазы. 2012 жылы қылқалам шебері  «Қазақтың  халық эпосы. Қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.   Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында танымал қазақстандық кескіндемеші Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман»  атты жеке көрмесі ашылды. Көрме 2013 жылдың 18 наурызына дейін жалғасады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Қ. Әжібекұлы – суретші-монументалист. Оның картиналарының басты тақырыбы тарихи мұра, көне жәдігерлер, ұлы тұлғалар бейнесі  мен ұлы оқиғалар болып келеді. Мәселен, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы жиынтығынан «Жеті жарғы» (2003 жыл) полотнасында ұлы тұлғалар бейнеленген.

«Көрме экспозициясы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының қорында сақталған бұрынғы жұмыстары мен әлемдік қауымдастықты толғандырған көзқарастар тұрғысынан алғанда адамды ойландаратын жаңа дүниелерді,  туған халқының көркем жылнамасын жасауға  ұмтылған тың туындыларды көруге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Қазақбай Әжібекұлы Елбасының шақыруымен жас астанаға алғашқы келген жас суретшілердің қатарында.  Осы жердің тумасы үшін (Қазақбай Әжібекұлы 1966 жылы Целиноград облысы Бестамақ ауылында дүниеге келген) оның көз алдында өтіп жатқан ғажап өзгерістер оның қиялын қанаттандырмай  қойған жоқ. Еліне, заманына деген сүйіспеншіліктен ол даланың дарқандығынан, халқының салт-дәстүрінен, ұлтының жүріп өткен іздерінен  терең ойлар іздеп, түйе білді.

Ұйымдастырушылар оның  «Астана таңы» (2003 ж.) картинасынан көркем ойдың негіздерін көреді. Онда жаңа Қазақстанды, жаңа қоғамды, оның жаңа көшбасшысын жарқын кейіпте  көрсете білу бар.

Қазір Қ.Әжібекұлы  – тұлғаланған  автор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, көптеген сыйлықтардың лауреаты. Атап айтсақ, Ә.Қастеев атындағы арнайы сыйлықтың  (1999 ж.),  «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының (2001 ж.) иегері. Сондай-ақ, ол көптеген байқаулардың жеңімпазы. 2012 жылы қылқалам шебері  «Қазақтың  халық эпосы. Қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.  

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар