Қандастар Ассамблея

Шығыс Қазақстанда Қазақстандағы ең ұзын көпір салынбақ

20.02.2013 2897
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы ұзындығы 2 шақырымдық көпір салынбақшы. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұртшылықпен интернет-конференцияда тілдесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz. Сәтін салса көпірдің құрылысы келесі жылы басталады. Бұл туралы Б.Сапарбаев Күршім ауданының Арай есімді тұрғынының сауалына жауап беру барысында мәлім етті. «Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салынады деп еді. Бұл шаруа қашан жүзеге асады екен? Күршім ауданының тұрғындары тағатсыздана күтіп жүр» деді сауал жолдаушы. «Күршімдіктердің жағдайын жақсы білеміз. Ол жақтағы жұртшылықпен кездесулерде бұл сұрақ жиі көтеріледі. Және оның маңыздылығы да жоғары. Әрине, көпір салуға мемлекеттен қаржы бөлуге болар еді, бірақ дәл қазір бізде ондай сома жоқ. Сондықтан біз инвесторлар іздестіріп жатырмыз. Өткенде біз кәрістің бір компаниясымен келістік. Қазір бұл компания тиісті құжаттарын жасап жатыр. Олармен әлі тағы кездесіп, мәселені жан-жақты қараймыз. Бұйыртса, 2014-2015 жылдары көпір құрылысы басталуы мүмкін. Оның үстіне өткелдің ұзындығы 2 шақырымдай болғандықтан, бүгінгі күні елімізде жоқ мұндай нысанды салу үшін тәжірибесі бар, қаржысы жеткілікті компания қажет екені белгілі», - деп жауап берген облыс басшысы. BAQ.kz

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы ұзындығы 2 шақырымдық көпір салынбақшы. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұртшылықпен интернет-конференцияда тілдесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Сәтін салса көпірдің құрылысы келесі жылы басталады. Бұл туралы Б.Сапарбаев Күршім ауданының Арай есімді тұрғынының сауалына жауап беру барысында мәлім етті. «Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салынады деп еді. Бұл шаруа қашан жүзеге асады екен? Күршім ауданының тұрғындары тағатсыздана күтіп жүр» деді сауал жолдаушы.

«Күршімдіктердің жағдайын жақсы білеміз. Ол жақтағы жұртшылықпен кездесулерде бұл сұрақ жиі көтеріледі. Және оның маңыздылығы да жоғары. Әрине, көпір салуға мемлекеттен қаржы бөлуге болар еді, бірақ дәл қазір бізде ондай сома жоқ. Сондықтан біз инвесторлар іздестіріп жатырмыз. Өткенде біз кәрістің бір компаниясымен келістік. Қазір бұл компания тиісті құжаттарын жасап жатыр. Олармен әлі тағы кездесіп, мәселені жан-жақты қараймыз. Бұйыртса, 2014-2015 жылдары көпір құрылысы басталуы мүмкін. Оның үстіне өткелдің ұзындығы 2 шақырымдай болғандықтан, бүгінгі күні елімізде жоқ мұндай нысанды салу үшін тәжірибесі бар, қаржысы жеткілікті компания қажет екені белгілі», - деп жауап берген облыс басшысы.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар