Қандастар Ассамблея

Қытай мен тай тағамдары ұйқыны бұзады

20.02.2013 2575
Ащы тамақ ұйқының сапасына кері әсер етеді. Канада ғалымдары кешкі мезгілде Қытай мен Таиландтың дәмі удай тағамдарынан бас тартуға кеңес береді.  NBC News-тің хабарлауын­ша, ұйқыға жатар алдында іш­кен ас ағза температурасын жо­­ғарылатып, метаболизмді жыл­дамдатады. Соның салда­ры­нан ми белсенділігі артады. Ал ащы тамақ осы үдеріске кері әсерін тигізуі мүмкін. Мидың маң­дай бөлігінің және бадам­ша­сының жұмысы бұзылады. Сөй­тіп, адамның шынайы өмір­­ді ажырату қабілеті, көңіл күйі мен ұйқысының сапасы да на­­шарлайды. Дәрігер Чальз Баэ бұл тұжырымды дәлелдеу үшін 389 адамды қатыстырып, сы­нақ жүргізген. Респондент­тер­дің 8,5%-ы ащы тамақтан соң қорқынышты түс көріп, ұйық­тай алмай шығыпты.  Алаш айнасы

Ащы тамақ ұйқының сапасына кері әсер етеді. Канада ғалымдары кешкі мезгілде Қытай мен Таиландтың дәмі удай тағамдарынан бас тартуға кеңес береді. 
NBC News-тің хабарлауын­ша, ұйқыға жатар алдында іш­кен ас ағза температурасын жо­­ғарылатып, метаболизмді жыл­дамдатады. Соның салда­ры­нан ми белсенділігі артады. Ал ащы тамақ осы үдеріске кері әсерін тигізуі мүмкін. Мидың маң­дай бөлігінің және бадам­ша­сының жұмысы бұзылады. Сөй­тіп, адамның шынайы өмір­­ді ажырату қабілеті, көңіл күйі мен ұйқысының сапасы да на­­шарлайды. Дәрігер Чальз Баэ бұл тұжырымды дәлелдеу үшін 389 адамды қатыстырып, сы­нақ жүргізген. Респондент­тер­дің 8,5%-ы ащы тамақтан соң қорқынышты түс көріп, ұйық­тай алмай шығыпты. 

Алаш айнасы

Ұқсас материалдар