Қандастар Ассамблея

Қазақстандық әнші Луина «Евровидение 2013» байқауына қатысуы мүмкін

19.02.2013 2521
Танымал қазақстандық әнші Лиуина «Евровидение 2013» халықаралық байқауына қатысуға өтініш берді. Ол Gimme Gimme жаңа әнімен өнер көрсетпек, деп хабарлады BNews.kz тілшісі. Қазақстан бұл байқауға қатыспайтындықтан, әнші ән байқауына Ресейдің атынан өнер көрсетуі мүмкін, деп ақпарат таратты Луинаның PR-агенті. Қаңтар айында әншінің Mito неміс диджейімен бірігіп жазылған «Gimme Gimme» атты жаңа әні жарық көрді. Аталмыш ән «Евровидение» байқауына арнайы жазылған. Қазіргі таңда ән радиотыңдаушылардың сүйікті әнінің біріне айналды. «Евровидение 2013» халықаралық байқауы мамыр айында Швецияның Мальме қаласында өтеді.

Танымал қазақстандық әнші Лиуина «Евровидение 2013» халықаралық байқауына қатысуға өтініш берді. Ол Gimme Gimme жаңа әнімен өнер көрсетпек, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.

Қазақстан бұл байқауға қатыспайтындықтан, әнші ән байқауына Ресейдің атынан өнер көрсетуі мүмкін, деп ақпарат таратты Луинаның PR-агенті.

Қаңтар айында әншінің Mito неміс диджейімен бірігіп жазылған «Gimme Gimme» атты жаңа әні жарық көрді. Аталмыш ән «Евровидение» байқауына арнайы жазылған. Қазіргі таңда ән радиотыңдаушылардың сүйікті әнінің біріне айналды.

«Евровидение 2013» халықаралық байқауы мамыр айында Швецияның Мальме қаласында өтеді.

Ұқсас материалдар