Қандастар Ассамблея

Соңғы жылы астаналықтар саны 35 000-нан астам өсті

19.02.2013 2313
Соңғы жылы Астана қаласы тұрғындарының саны 35 165 адамға өсті. Осыған байланысты биылғы жылдың басында елорда тұрғындарының жалпы саны  770 423 адамға жетті. Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен мәлім етті. «Халықтың көп бөлігі – 363 575 (46,7%)  адам Алматы ауданында тұрса, Сарыарқа ауданында – 311 791 (40,1%) адам , ал Есіл ауданында  – 102 717 (13,2%) ең аз адам тіркелген», - делінген хабарламада. Департамент мәліметі бойынша, өткен жылы халықтың көші-қон есебінен өсуі - 19 239 адам, табиғи өсімі – 15 926 адам болды. Астана қаласында 2012 жылы  – 19 434 сәби дүниеге келген. Статистика департаменті атап көрсеткеніндей, аталған мерзімде елордада бала туу 8,2%, некеге отыру 15,1 % өскен. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Соңғы жылы Астана қаласы тұрғындарының саны 35 165 адамға өсті. Осыған байланысты биылғы жылдың басында елорда тұрғындарының жалпы саны  770 423 адамға жетті. Бұл туралы қалалық Статистика департаментінен мәлім етті.

«Халықтың көп бөлігі – 363 575 (46,7%)  адам Алматы ауданында тұрса, Сарыарқа ауданында – 311 791 (40,1%) адам , ал Есіл ауданында  – 102 717 (13,2%) ең аз адам тіркелген», - делінген хабарламада.

Департамент мәліметі бойынша, өткен жылы халықтың көші-қон есебінен өсуі - 19 239 адам, табиғи өсімі – 15 926 адам болды. Астана қаласында 2012 жылы  – 19 434 сәби дүниеге келген.

Статистика департаменті атап көрсеткеніндей, аталған мерзімде елордада бала туу 8,2%, некеге отыру 15,1 % өскен.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар