Қандастар Ассамблея

Шымкентте "Серпін" атты жастар клубы құрылды

19.02.2013 2557
Оңтүстік жастары жаңа ұйым құрды. Белсенді, білімді жастардың бастамасымен Шымкент қаласында "SERPIN" қоғамдық-саяси интеллектуалды пiкiрсайыс клубы құрылып,  алғашқы отырысы өтті. “Жастар арасында жұмыссыздықты жоюдың тиімдi жолдары” тақырыбымен өткен  жиынның алғашқы отырысына Астанадан  арнайы келген «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли, өңірдегі зиялы қауым және жастар ұйымдарының жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты. Иә, жобаның "SERPIN" деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. “Серпін” тұлғаның алға ұмтылуы, өмірге деген құштарлық. Мағжанша айтқанда қазақ жастарының “Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты” болуы. Екіншіден,  жазылуының өзінен-ақ, “SERPIN” латын әрпін жастар арасында насихаттап тұрғандай. Ендеше қоғамдық-саяси интеллектуалды пiкiрсайыс клубының мақсаты қоғамдағы қызу талқыланатын мәселелерді қаузап, атқарушы билікке нақты ұсыныстар айтылатын ашық алаң болмақ. Клубтың үйлестірушісі Еркебұлан АЛДАБЕРГЕНОВ: - Мақсатымыз клубтың ай сайынғы отырысына Астана мен Алматы қалаларынан интеллектуалдар шақырып, жастар арасындағы мәселелерді талқылау және одан шығар жолды көрсету. Жастарды ашық мінбер алаңына шақырып, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, олардың қоғамдық-саяси белсенділігін ояту. Нұршат ТӨКЕН BAQ.kz

Оңтүстік жастары жаңа ұйым құрды. Белсенді, білімді жастардың бастамасымен Шымкент қаласында "SERPIN" қоғамдық-саяси интеллектуалды пiкiрсайыс клубы құрылып,  алғашқы отырысы өтті.

“Жастар арасында жұмыссыздықты жоюдың тиімдi жолдары” тақырыбымен өткен  жиынның алғашқы отырысына Астанадан  арнайы келген «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли, өңірдегі зиялы қауым және жастар ұйымдарының жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Иә, жобаның "SERPIN" деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. “Серпін” тұлғаның алға ұмтылуы, өмірге деген құштарлық. Мағжанша айтқанда қазақ жастарының “Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты” болуы. Екіншіден,  жазылуының өзінен-ақ, “SERPIN” латын әрпін жастар арасында насихаттап тұрғандай. Ендеше қоғамдық-саяси интеллектуалды пiкiрсайыс клубының мақсаты қоғамдағы қызу талқыланатын мәселелерді қаузап, атқарушы билікке нақты ұсыныстар айтылатын ашық алаң болмақ.

Клубтың үйлестірушісі Еркебұлан АЛДАБЕРГЕНОВ:
- Мақсатымыз клубтың ай сайынғы отырысына Астана мен Алматы қалаларынан интеллектуалдар шақырып, жастар арасындағы мәселелерді талқылау және одан шығар жолды көрсету. Жастарды ашық мінбер алаңына шақырып, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, олардың қоғамдық-саяси белсенділігін ояту.

Нұршат ТӨКЕН

BAQ.kz

Ұқсас материалдар