Қандастар Ассамблея

Өмірбаяны

19.02.2013 7159
Әбдіқадыров Жұмахан 1953 жылдың 12 қаңтарында Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Алматыдағы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның драма және кино актері бөлімін бітірген.1972-1976 жылдар аралығында Жамбыл облыстық қазақ драма театрында қызмет етті.  Шығармашылық жолға түскен жас актердің алғашқы сомдаған кейіпкері – режисер Ш.Бейсембаевтың «Бұлақ» фильміндегі Абылай рөлі еді. Содан кейінгі жылдары театр және кино әлемінде көптеген кейіпкерлерді сомдап, көрермендердің де, әріптестерінің де ризашылығына бөленді. 1985 жылы Ұлы жеңістің 40 жылдығына орай Алматыда өткен Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды (Ю.Щацковтың «Волокалам тас жолы» спектаклінде Б.Момышұлы рөлін тамаша сомдағаны үшін). Осы жылы Қызылорда қаласында өткен театрлар фестивалінде Г.Боровиктің «Буенос-Айрестегі интервью» спектаклінде Хосе рөлі үшін дипломға және бағалы сыйлықтарға ие болды. 1986 жылы Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2000 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет  грамотасымен, осы жылы «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Театр өнерінің дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін және жастарды отансүйгіштікке баулитын көптеген рухы жоғары көркем бейнелерді сомдағаны үшін әр жылдарда бірнеше дүркін «Құрмет грамоталармен» марапатталды. Жұмахан Әбдіқадыров талай таланттар мен дарындарды қанаттандырған Қаратау өлкесіндегі қара шаңырақ – облыстық драма театрында бірде Қодар (М. Әуезов, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»), бірде Тимур (Д.Исабеков, «Әпке»), бірде Әбілхайыр (Т.Ахтанов, «Ант»), Есен (М.Әуезов, «Еңлік-Кебек»), Лаэрт (Шекспир, «Гамлет»), Оберон патша (Шекспир, «Дуалы түнгі думан»), Бауыржан Момышұлы (Ю.Шацков, «Волоколам тасжолы»), Моцарт (О.Бодықов, «Жан азабы»), Сталин (Ш.Мұртаза, «Сталинге хат»), Арыстан (М.Әуезов, «Айман-Шолпан»), Демесін (Д.Исабеков, «Кішкентай ауыл»), Эдуард патша (Шекспир, «Ричард ІІІ») бейнелерімен танылса, кино әлемінде режиссер Ш.Бейсенбаевтың «Бұлақ» фильмінде  – Абылай (1974 жыл), Д.Манабаевтың «Сұрапыл Сұржекей» фильмінде – Әзберген (1989 жыл), С.Тәуекеловтің «Батыр Баян» фильмінде – Баян (1993 жыл),  «Махамбеттің қылышы» – Әзірбай (2007 жыл), Қ.Қасымбековтің «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде Сараның әкесі (1996 жыл), Д.Манабаевтың «Кек» фильмінде – Уап, «Көшпенділер» фильмінде – И.Пассер рөлдерінде ойнап, халықтың ризашылығына бөленді. Халық арасында «Батыр Баян» атанып кетті.

Әбдіқадыров Жұмахан

1953 жылдың 12 қаңтарында Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Алматыдағы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның драма және кино актері бөлімін бітірген.1972-1976 жылдар аралығында Жамбыл облыстық қазақ драма театрында қызмет етті.  Шығармашылық жолға түскен жас актердің алғашқы сомдаған кейіпкері – режисер Ш.Бейсембаевтың «Бұлақ» фильміндегі Абылай рөлі еді. Содан кейінгі жылдары театр және кино әлемінде көптеген кейіпкерлерді сомдап, көрермендердің де, әріптестерінің де ризашылығына бөленді.
1985 жылы Ұлы жеңістің 40 жылдығына орай Алматыда өткен Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды (Ю.Щацковтың «Волокалам тас жолы» спектаклінде Б.Момышұлы рөлін тамаша сомдағаны үшін). Осы жылы Қызылорда қаласында өткен театрлар фестивалінде Г.Боровиктің «Буенос-Айрестегі интервью» спектаклінде Хосе рөлі үшін дипломға және бағалы сыйлықтарға ие болды.
1986 жылы Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2000 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет  грамотасымен, осы жылы «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
Театр өнерінің дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін және жастарды отансүйгіштікке баулитын көптеген рухы жоғары көркем бейнелерді сомдағаны үшін әр жылдарда бірнеше дүркін «Құрмет грамоталармен» марапатталды.
Жұмахан Әбдіқадыров талай таланттар мен дарындарды қанаттандырған Қаратау өлкесіндегі қара шаңырақ – облыстық драма театрында бірде Қодар (М. Әуезов, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»), бірде Тимур (Д.Исабеков, «Әпке»), бірде Әбілхайыр (Т.Ахтанов, «Ант»), Есен (М.Әуезов, «Еңлік-Кебек»), Лаэрт (Шекспир, «Гамлет»), Оберон патша (Шекспир, «Дуалы түнгі думан»), Бауыржан Момышұлы (Ю.Шацков, «Волоколам тасжолы»), Моцарт (О.Бодықов, «Жан азабы»), Сталин (Ш.Мұртаза, «Сталинге хат»), Арыстан (М.Әуезов, «Айман-Шолпан»), Демесін (Д.Исабеков, «Кішкентай ауыл»), Эдуард патша (Шекспир, «Ричард ІІІ») бейнелерімен танылса, кино әлемінде режиссер Ш.Бейсенбаевтың «Бұлақ» фильмінде  – Абылай (1974 жыл), Д.Манабаевтың «Сұрапыл Сұржекей» фильмінде – Әзберген (1989 жыл), С.Тәуекеловтің «Батыр Баян» фильмінде – Баян (1993 жыл),  «Махамбеттің қылышы» – Әзірбай (2007 жыл), Қ.Қасымбековтің «Жамбылдың жастық шағы» фильмінде Сараның әкесі (1996 жыл), Д.Манабаевтың «Кек» фильмінде – Уап, «Көшпенділер» фильмінде – И.Пассер рөлдерінде ойнап, халықтың ризашылығына бөленді.

Халық арасында «Батыр Баян» атанып кетті.