Қандастар Ассамблея

Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебін алғаш 532 оқушы аттады

19.02.2013 1935
Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Ұлтымыздың интеллектуалды әлеуетін көтеруді мақсат тұтқан оқу ордасында физика және математика пәндері тереңдетіп оқытылады. Педагогикадағы әлемнің ең үздік әдістемелері және инновациялық тәсілдер бойынша білім беретін зияткерлік мектеп 720 оқушыға  лайықталған. Мектеп табалдырығын алғаш болып 532 оқушы аттады. Олар іріктеу сынына қатысқан 2 мыңнан астам қатарласынан ақыл-ойы озық екенін дәлелдеп шыққан. Оның 100-ден астамы ауыл балалары. Өңірде тұңғыш ашылған бірегей білім ордасы 120 орындық интернатпен де қамтылған. Мектепте дәріс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мұнда отандық және шетелдегі білім берудің озық әдіс-тәсілдері жинақталып, өзге білім ұяларына таратылады. Биыл өңірде Назарбаев есімін иеленген тағы бір зияткерлік  мектебі пайдалануға берілмек. Ол жастарға  химия және биология бағытында тереңдетіп білім береді. Жақсыбай АЛДЫБАЙ, Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: - Физика мен математика пәндерінен елімізге көп пайда әкелетін заттар жасаймын. Күннің сәулесінен энергия алу үшін және физика-математикадан жаңа теориялар ашу үшін атсалысамын. Күләш ШӘМШИДИНОВА, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының төрайымы: - Жоғары класс оқушыларының бәріне біз аптасына химия, физика, математика, биология сабақтарынан онлайн сабақ береміз. Сонымен қатар аптасына бір рет методикадан, педагогикадан сабақ беріледі.

Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Ұлтымыздың интеллектуалды әлеуетін көтеруді мақсат тұтқан оқу ордасында физика және математика пәндері тереңдетіп оқытылады. Педагогикадағы әлемнің ең үздік әдістемелері және инновациялық тәсілдер бойынша білім беретін зияткерлік мектеп 720 оқушыға  лайықталған. Мектеп табалдырығын алғаш болып 532 оқушы аттады. Олар іріктеу сынына қатысқан 2 мыңнан астам қатарласынан ақыл-ойы озық екенін дәлелдеп шыққан. Оның 100-ден астамы ауыл балалары. Өңірде тұңғыш ашылған бірегей білім ордасы 120 орындық интернатпен де қамтылған. Мектепте дәріс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мұнда отандық және шетелдегі білім берудің озық әдіс-тәсілдері жинақталып, өзге білім ұяларына таратылады. Биыл өңірде Назарбаев есімін иеленген тағы бір зияткерлік  мектебі пайдалануға берілмек. Ол жастарға  химия және биология бағытында тереңдетіп білім береді.

Жақсыбай АЛДЫБАЙ, Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Физика мен математика пәндерінен елімізге көп пайда әкелетін заттар жасаймын. Күннің сәулесінен энергия алу үшін және физика-математикадан жаңа теориялар ашу үшін атсалысамын.

Күләш ШӘМШИДИНОВА, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының төрайымы:

- Жоғары класс оқушыларының бәріне біз аптасына химия, физика, математика, биология сабақтарынан онлайн сабақ береміз. Сонымен қатар аптасына бір рет методикадан, педагогикадан сабақ беріледі.

Ұқсас материалдар