Қандастар Ассамблея

"Нұр Отанға" «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жөніндегі Доктрина әзірл

18.02.2013 2176
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" Төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекке «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жөніндегі Доктрина әзірлеуді тапсырды. Бұл мәселе бүгін Б.Байбек Мемлекет басшысының қабылдауында болғанда айтылды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. «Нұр Отан» ХДП Төрағасы мәслихаттар депутаттары тарапынан жергілікті атқарушы билік органдарының қызметіне үнемі бақылау жасау және партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыру барысына мониторинг жүргізу қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев кезекті съезге Доктрина әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру, сондай-ақ, басқарушы партияның 21-ғасырдағы рөлін, көзқарасы мен орнын қамтамасыз ететін іргелі құжат болуға тиіс. Кездесу қорытындысы бойынша «Нұр Отан» ХДП Төрағасы партия алдында тұрған міндеттерді одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. BAQ.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" Төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекке «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жөніндегі Доктрина әзірлеуді тапсырды. Бұл мәселе бүгін Б.Байбек Мемлекет басшысының қабылдауында болғанда айтылды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

«Нұр Отан» ХДП Төрағасы мәслихаттар депутаттары тарапынан жергілікті атқарушы билік органдарының қызметіне үнемі бақылау жасау және партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыру барысына мониторинг жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев кезекті съезге Доктрина әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру, сондай-ақ, басқарушы партияның 21-ғасырдағы рөлін, көзқарасы мен орнын қамтамасыз ететін іргелі құжат болуға тиіс.

Кездесу қорытындысы бойынша «Нұр Отан» ХДП Төрағасы партия алдында тұрған міндеттерді одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар