Қандастар Ассамблея

Астананың Қазіргі заман өнері мұражайында 1957-2011 жылдары салынған картиналар көрмесі ашылды

18.02.2013 2404
Елордалық Қазіргі заман өнері мұражайында  «Аяз және күн, керемет күн!» тақырыптық картиналар көрмесі жұмысын бастады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар. «Экспозицияға 1957 мен 2011 жылдар аралығында Қазақстан, Беларус және Ресей суретшілері салған 19 полотно қойылды», - делінген хабарламада. «Қазақстандық» жиынтықтан  белгілі қылқалам шеберлері Владимир Эйферттің  («Боран») және  Жаңатай Шарденовтың («Алматы қайыңдары») туындыларын көруге болады. Сонымен қатар, көрмеде  келушілерге Ақмоланың байырғы суретшісі Михаил Гейдтың  «Тың игерушілер» (1977 жылы салынған) және Целиноград Суретшілер одағы бөлімшесінің белді мүшелері: Виктор Холуевтың («Алғашқы қар. Целиноград»), Алексей Тереховтың («Бораннан соң»), Иван Свитичтың («Шет жақ», «Иней», «Натюрморт.  Алғашқы қар»),  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері  Марат Тоқсайытовтың  («Күн батарда») картиналары ұсынылған. Көрмені келесі: «ЭКСПО - Нью-Йорк - 2011» халықаралық  арт-байқауының лауреаты Төлеуғазы Байғалиевтың «Астана» («Фонари-1»), танымал павлодарлық суретші  Евгений Фридлиннің «Ай туды» («Түн»), алматылық суретші  Жамбыл  Натбаевтың  («Қыс») полотносы және жас суретші  Анар Әбжанованың  («Көңілсіз пейзаж») картиналар толықтырады. «Аяз және күн, керемет күн!» тақырыптық картиналар көрмесі мұражайда  3 наурызға дейін жұмыс істейді. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Елордалық Қазіргі заман өнері мұражайында  «Аяз және күн, керемет күн!» тақырыптық картиналар көрмесі жұмысын бастады, - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

«Экспозицияға 1957 мен 2011 жылдар аралығында Қазақстан, Беларус және Ресей суретшілері салған 19 полотно қойылды», - делінген хабарламада.

«Қазақстандық» жиынтықтан  белгілі қылқалам шеберлері Владимир Эйферттің  («Боран») және  Жаңатай Шарденовтың («Алматы қайыңдары») туындыларын көруге болады.

Сонымен қатар, көрмеде  келушілерге Ақмоланың байырғы суретшісі Михаил Гейдтың  «Тың игерушілер» (1977 жылы салынған) және Целиноград Суретшілер одағы бөлімшесінің белді мүшелері: Виктор Холуевтың («Алғашқы қар. Целиноград»), Алексей Тереховтың («Бораннан соң»), Иван Свитичтың («Шет жақ», «Иней», «Натюрморт.  Алғашқы қар»),  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері  Марат Тоқсайытовтың  («Күн батарда») картиналары ұсынылған.

Көрмені келесі: «ЭКСПО - Нью-Йорк - 2011» халықаралық  арт-байқауының лауреаты Төлеуғазы Байғалиевтың «Астана» («Фонари-1»), танымал павлодарлық суретші  Евгений Фридлиннің «Ай туды» («Түн»), алматылық суретші  Жамбыл  Натбаевтың  («Қыс») полотносы және жас суретші  Анар Әбжанованың  («Көңілсіз пейзаж») картиналар толықтырады.

«Аяз және күн, керемет күн!» тақырыптық картиналар көрмесі мұражайда  3 наурызға дейін жұмыс істейді.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар