Қандастар Ассамблея

Биатлоннан 2014 жылғы Еуропа чемпионаты Чехияда өтеді

18.02.2013 1941
Биатлоннан 2014 жылғы Еуропа чемпионаты Чехияның Нове-Место қаласында өтетін болды, деп хабарлады Росбалт. Мұндай  шешім биылғы әлем біріншілігіне тамаша әзірлікке алғыс ретінде қабылданды, деп мәлімдеді Халықаралық биатлонистер одағының (IBU) президенті Андерс Бессеберг. Ол сондай-ақ әлем чемпионатын жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін IBU чех тарапына 2014 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Әлем кубогының кезеңдерін екі рет өткізуге құқық береді деп қосты. «Бұған сіздер келісесіздер ғой деп ойлаймын, - деді Бессеберг журналистерге. Чехияның Нове-Место қаласында өткен  биатлоннан әлем чемпионатында бірінші орынды Норвегия құрамасы жеңіп алды. Екінші орында мәреге француз командасы жетті, ал үшінші орын - неміс биатлонистеріне бұйырды. BAQ.kz

Биатлоннан 2014 жылғы Еуропа чемпионаты Чехияның Нове-Место қаласында өтетін болды, деп хабарлады Росбалт.

Мұндай  шешім биылғы әлем біріншілігіне тамаша әзірлікке алғыс ретінде қабылданды, деп мәлімдеді Халықаралық биатлонистер одағының (IBU) президенті Андерс Бессеберг.

Ол сондай-ақ әлем чемпионатын жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін IBU чех тарапына 2014 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Әлем кубогының кезеңдерін екі рет өткізуге құқық береді деп қосты. «Бұған сіздер келісесіздер ғой деп ойлаймын, - деді Бессеберг журналистерге.

Чехияның Нове-Место қаласында өткен  биатлоннан әлем чемпионатында бірінші орынды Норвегия құрамасы жеңіп алды. Екінші орында мәреге француз командасы жетті, ал үшінші орын - неміс биатлонистеріне бұйырды.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар