Қандастар Ассамблея

XXI ғасыр «Титанигі» 2016 жылы суға түсіріледі (видео)

17.02.2013 1863
Өткен жылы австралиялық миллиардер Клайв Палмер екінші «Титаниктің» дәлме-дәл көшірмесінің құрылысын бастаған. Байлығы шамамен 6 млрд АҚШ долларға бағаланатын 58 жастағы кәсіпкердің айтуынша, XXI ғасыр «Титанигі» 2016 жылы суға түсірілетін болады және ол нағыз «Титаникке» айнымастай ұқсайтын болады. Алайда мамандар «Титаниктің» қайғылы тағдырын ескере отырып, жаңа нұсқадағы бұл жолаушылар кемесін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етеді деп шешті. Миллиардер Гонконгта өткен баспасөз конференциясында кеменің іші навигация жүйесімен және техниканың ең соңғы жаңалықтары бойынша жабдықталатынын айтты. Қазірдің өзінде жаңа «Титаникке» мыңдаған жолаушы табылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар кеменің алғашқы рейсінің билетіне 1 млн АҚШ долларын ұсынып жатыр.

Ұқсас материалдар