Қандастар Ассамблея

Ақтөбеде көптілді оқыту жүйесі дамуда

17.02.2013 2687
Ақтөбедегі педагогикалық білім беретін институт көптілді маман даярлау ісіне көшті. Оның ішінде нақты ғылымдарды оқыту үш тілде жүрмек. Шәкіртті үйрету үшін, ұстаздың өзі тіл білуі керек. Сондықтан, физика және математика пәнінен дәріс беретін оқытушылар алдын ала даярлықтан өтуде. Ағылшын тілін жеделдетіп оқытатын тегін курстар ашылды. Қазір 100-ден астам оқытушы ағылшын тілін аптасына үш сағаттан үйреніп жүр. Мемлекеттік тілді оқытатын арнайы курстар да жұмысын бастады. Алайда, көптілді меңгеру үшін жаңа әдістемелік оқу -құралдары жетіспейді. Қосымша қаражат қарастырлып, оқулықтарға тапсырыс беру жоспарда бар. Амантай НҰРМАҒАНБЕТОВ, АМПИ ректоры: - Біз өзіміздің оқытушыларымыз бен қызметкерлерімізге ағылшын тілінің курсын ұйымдастырдық. 220 адам аптасына 3 сағаттан 1 жыл бойы ағылшын тілін үйренеді. Бұл бізге басқа сабақтарды ағылшын тілінде жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, қазір жоба бойынша физика және математика мамандықтарында ағылшын тілінде сабақтар жүргізілуде.

Ақтөбедегі педагогикалық білім беретін институт көптілді маман даярлау ісіне көшті. Оның ішінде нақты ғылымдарды оқыту үш тілде жүрмек.

Шәкіртті үйрету үшін, ұстаздың өзі тіл білуі керек. Сондықтан, физика және математика пәнінен дәріс беретін оқытушылар алдын ала даярлықтан өтуде. Ағылшын тілін жеделдетіп оқытатын тегін курстар ашылды. Қазір 100-ден астам оқытушы ағылшын тілін аптасына үш сағаттан үйреніп жүр. Мемлекеттік тілді оқытатын арнайы курстар да жұмысын бастады. Алайда, көптілді меңгеру үшін жаңа әдістемелік оқу -құралдары жетіспейді. Қосымша қаражат қарастырлып, оқулықтарға тапсырыс беру жоспарда бар.

Амантай НҰРМАҒАНБЕТОВ, АМПИ ректоры:

- Біз өзіміздің оқытушыларымыз бен қызметкерлерімізге ағылшын тілінің курсын ұйымдастырдық. 220 адам аптасына 3 сағаттан 1 жыл бойы ағылшын тілін үйренеді. Бұл бізге басқа сабақтарды ағылшын тілінде жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, қазір жоба бойынша физика және математика мамандықтарында ағылшын тілінде сабақтар жүргізілуде.

Ұқсас материалдар