Қандастар Ассамблея

Алматыда «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру мәселесі талқыланды

17.02.2013 1840
Кеше Алматыдағы Орталық Азия университетінде «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру мәселесі талқыланды. Жиналғандар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған техникалық мамандықтар сапасын арттыру мәселесіне көп тоқталды. Осы ретте айта кетейік, Орталық Азия университетінің бірнеше ұстазы 3 жыл бойы осы салада зерттеу жүрігізіпті. Олар дамыған 30 мемлекеттің білім жүйесін, маман дайындаудағы тәжірибелерін сарапқа салған. «Нәтижесінде, Қазақстанның білім жүйесінің бірқатар кемшіліктерін анықтадық» дейді мамандар. Олардың айтуынша, бұл олқылықты жойып, сапалы техникалық маман дайындау үшін біріншіден студенттерді 2-курстан кейін міндетті түрде іріктеу қажет. Сондай-ақ, студенттердің алаңсыз сабақ оқуы үшін шәкіртақы көлемін 3 есеге көбейту керек. Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, ОАУ Машина құрастыру және көлік институтының директоры: - Атырау мен Ақтауда мұнай өндіре ме, мұнайшыларды дайындау керек. Алматыға келіп ақшасы бар адам оқи берсін, ал мемлекеттік тапсырыс міндетті түрде болуы керек. Мысалы, қазір Алматының 100 шақырым маңында бірде-бір аграрлық кешен жоқ, ал мал дәрігерін алаңда отырып дайындап отырмыз. Бұл ақылға қонымсыз. Сондықтан қайта орналастыру керек. Маманы, өндірісі, инвестициясы өнімі бір болуы керек, сонда Елбасы айтқандай аймақтарды дамытамыз.

Кеше Алматыдағы Орталық Азия университетінде «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру мәселесі талқыланды.

Жиналғандар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған техникалық мамандықтар сапасын арттыру мәселесіне көп тоқталды. Осы ретте айта кетейік, Орталық Азия университетінің бірнеше ұстазы 3 жыл бойы осы салада зерттеу жүрігізіпті. Олар дамыған 30 мемлекеттің білім жүйесін, маман дайындаудағы тәжірибелерін сарапқа салған. «Нәтижесінде, Қазақстанның білім жүйесінің бірқатар кемшіліктерін анықтадық» дейді мамандар. Олардың айтуынша, бұл олқылықты жойып, сапалы техникалық маман дайындау үшін біріншіден студенттерді 2-курстан кейін міндетті түрде іріктеу қажет. Сондай-ақ, студенттердің алаңсыз сабақ оқуы үшін шәкіртақы көлемін 3 есеге көбейту керек.

Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, ОАУ Машина құрастыру және көлік институтының директоры:

- Атырау мен Ақтауда мұнай өндіре ме, мұнайшыларды дайындау керек. Алматыға келіп ақшасы бар адам оқи берсін, ал мемлекеттік тапсырыс міндетті түрде болуы керек. Мысалы, қазір Алматының 100 шақырым маңында
бірде-бір аграрлық кешен жоқ, ал мал дәрігерін алаңда отырып дайындап отырмыз. Бұл ақылға қонымсыз. Сондықтан қайта орналастыру керек. Маманы, өндірісі, инвестициясы өнімі бір болуы керек, сонда Елбасы айтқандай аймақтарды дамытамыз.

Ұқсас материалдар