Қандастар Ассамблея

Челябіде жауған метеорит жаңбыры үй терезелерін сындырған (ВИДЕО)

15.02.2013 2486
Челябі облысында метеорит жаңбыры жауды. Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Урал аймақтық орталығына сілтеме жасай отырып, ИТАР-ТАСС ақпараттық агентігі хабарлады. «Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, қала тұрғындары көрген «от жалындар» метеорит жаңбыры әсерінен болуы ықтимал» деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі. Табиғи құбылыстың салдарынан аймақ бойынша өрт тіркелмеген. Урал федералды округының құқық қорғау органдары берген ақпаратқа сәйкес, метеорит жаңбырлар салдарынан кейбір үйлердің терезелері ғана сынған. Ал зардап шеккендер жайлы ақпараттар жоқ. Сондай-ақ, қала тұрғындары «әуе апатына» балаған жарқылдардың табиғи құбылыс екенін анықталып, ешқандай ұшақтың құламағаны расталған. Метеорит жаңбыры – үлкен метеориттердің аспаннан жер бетіне құлдырау кезінде ұсатылып түсуі. Метеориттік жаңбырдан соң жер бедерінде өзгерістер болуы ықтимал. BNews.kz

Челябі облысында метеорит жаңбыры жауды. Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Урал аймақтық орталығына сілтеме жасай отырып, ИТАР-ТАСС ақпараттық агентігі хабарлады.

«Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, қала тұрғындары көрген «от жалындар» метеорит жаңбыры әсерінен болуы ықтимал» деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі. Табиғи құбылыстың салдарынан аймақ бойынша өрт тіркелмеген.

Урал федералды округының құқық қорғау органдары берген ақпаратқа сәйкес, метеорит жаңбырлар салдарынан кейбір үйлердің терезелері ғана сынған. Ал зардап шеккендер жайлы ақпараттар жоқ. Сондай-ақ, қала тұрғындары «әуе апатына» балаған жарқылдардың табиғи құбылыс екенін анықталып, ешқандай ұшақтың құламағаны расталған.

Метеорит жаңбыры – үлкен метеориттердің аспаннан жер бетіне құлдырау кезінде ұсатылып түсуі. Метеориттік жаңбырдан соң жер бедерінде өзгерістер болуы ықтимал.

BNews.kz

Ұқсас материалдар