Қандастар Ассамблея

Қарағандыда 52 жасар әйел Әулие Валентин мерекесіне арнап көйлек ұрлаған

14.02.2013 2218
Әулие Валентин мерекесіне арнап дүкеннен көйлек ұрлаған 52 жасар Қарағанды тұрғынын криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері құрықтады. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр. Ақпанның 13 күні, Қарағанды  қаласының 12-ші шағын ауданында орналасқан дүкендердің бірінде көйлек ұрлады деген айыппен 52 жасар әйел қолға түсті. Тексеру барысында, қарағандылық әйелдің бұған дейін де полиция қызметкерлерінің назарына ілігіп, ұрлық, қарақшылық, есірткі тауарларын сақтау сынды қылмыстық әрекеттері үшін айыпталғаны анықталды. Ұсталған әйел күнәсін мойындап, бұл әрекетін «сүйіктімді қуантпақ ниетте жасадым» деп  түсіндірді. Ұрланған зат тиісті орнына қайтарылды. Ал әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 175 бабы бойынша «өзгенің мүлкін ұрлады» деген айып тағылып, мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. BAQ.kz

Әулие Валентин мерекесіне арнап дүкеннен көйлек ұрлаған 52 жасар Қарағанды тұрғынын криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері құрықтады. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ақпанның 13 күні, Қарағанды  қаласының 12-ші шағын ауданында орналасқан дүкендердің бірінде көйлек ұрлады деген айыппен 52 жасар әйел қолға түсті. Тексеру барысында, қарағандылық әйелдің бұған дейін де полиция қызметкерлерінің назарына ілігіп, ұрлық, қарақшылық, есірткі тауарларын сақтау сынды қылмыстық әрекеттері үшін айыпталғаны анықталды.
Ұсталған әйел күнәсін мойындап, бұл әрекетін «сүйіктімді қуантпақ ниетте жасадым» деп  түсіндірді. Ұрланған зат тиісті орнына қайтарылды. Ал әйелге ҚР Қылмыстық кодексінің 175 бабы бойынша «өзгенің мүлкін ұрлады» деген айып тағылып, мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар