Атырау облысында Серік Сәпиевтің бастамасымен ірі спорт кешені бой көтереді

14.02.2013 2019
Белгілі былғары қолғап шебері Жылыой ауданындағы ірі спорт кешені құрылысына қатысты мәселелерді шешу мақсатында мұнайлы өлкеге келді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  Естеріңізге саламыз, Лондон Олимпидасындағы жеңісінен кейін Серік Сәпиев спорттан кететінін мәлімдеген болатын. Қазір ол Қазақстан бокс фередациясының директоры қызметі атқарады. Спортшының сөзіне қарағанда, Жылыой ауданының әкімшілік орталығы Құлсары қаласында ірі спорттық кешен құрылысын жүргізу мәселесі Атырау облысы әкімімен келісілген. «Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Спорттық нысанның бой көтеретін орыны белгіленіп қойды. Болашақта спортқа жақын балалар мұнда бокс, таэквондо, ауыр атлетика және басқа да олимпиадалық спорт түрлерімен шұғылданатын болады», деді С.Сәпиев баспасөз мәслихатында. Олимпиада чемпионы бокспен айналысатын жеткіншектермен кездесіп, шеберлік класын өткізді.  

Белгілі былғары қолғап шебері Жылыой ауданындағы ірі спорт кешені құрылысына қатысты мәселелерді шешу мақсатында мұнайлы өлкеге келді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Естеріңізге саламыз, Лондон Олимпидасындағы жеңісінен кейін Серік Сәпиев спорттан кететінін мәлімдеген болатын. Қазір ол Қазақстан бокс фередациясының директоры қызметі атқарады.

Спортшының сөзіне қарағанда, Жылыой ауданының әкімшілік орталығы Құлсары қаласында ірі спорттық кешен құрылысын жүргізу мәселесі Атырау облысы әкімімен келісілген.

«Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Спорттық нысанның бой көтеретін орыны белгіленіп қойды. Болашақта спортқа жақын балалар мұнда бокс, таэквондо, ауыр атлетика және басқа да олимпиадалық спорт түрлерімен шұғылданатын болады», деді С.Сәпиев баспасөз мәслихатында.

Олимпиада чемпионы бокспен айналысатын жеткіншектермен кездесіп, шеберлік класын өткізді.

 

Ұқсас материалдар