Қандастар Ассамблея

Грек-рим күресіне қатысатын палуандардың есімдері белгілі болды

13.02.2013 2770
Иран елінің астанасы Тегеран қаласында грек-рим күресінен 10 елдің палуандары қатысатын Әлем кубогы өтеді. Осыған орай Ұлттық құраманың бас бапкері Таңат Сағындықов еліміздің атынан жарысқа шығатын спортшыларды жариялады. Олардың қатарында Жансерік Сәрсенбиев, Нұрсұлтан Қалмырзаев, Досжан Картиков, Ерұлан Ысқақовтар бар. Сонымен қатар, әлем біріншілігінің 2 дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев пен Азия чемпионы Ербол Қоңыратов та осы додада белдеседі. Ал, аса ауыр салмақта еліміздің атынан Нұрмахан Тіналиев кілемге шығады. Қазір жерлестеріміз Алматы қаласында соңғы оқу-дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Ұқсас материалдар