Қандастар Ассамблея

Өскемен қалың қар құрсауында қалды (видео)

13.02.2013 1952
Өскемен қаласы бір тәулік ішінде қалың қардың астында қалды. Табиғаттың тосын мінезіне орай қала әкімі  төтенше жағдай жариялап, халыққа үндеу тастады. Толассыз жауған қар шаһардағы көлік қозғалысын қиындатып, алыс аймақтарда жол қатынасына кедергі болуда. Төтенше жағдайлар қызметі жедел штаб құрып, күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Құтқарушылар алыс жолға шығып қарға кептеліп қалған 10-нан астам көлік иелеріне көмек көрсетті. Зейнеткер Виктор бір күн ішінде осынша қардың жауғанын өмірінде екінші рет көрген қария таңнан бері есік алдындағы көліктерін қардан тазарта алмай әлек болуда. Виктор ГУБАРЕВ, зейнеткер: - Осындай қыс 56-57 жылдары болған. Бірақ содан бері 1 метрге жуық қардың бір түнде түскенін көрген емеспін. Онсыз да қар қабаты қалың деп шошып отырған коммуналдық мекемелер түні бойы кірпік ілмей қар тазалаумен айналысты. Алайда тынбай жауған қар техникаға да жұмысшыларға да дес бермеді. Жеке пәтер иелері кооперативтері де таң атысымен қолдарынан күрек тастамай жүр. Дегенмен ауланы тазартуға қосымша техника болмайынша, түк шықпайды дейді олар. Владимир ЗАПОРОЖЦЕВ, жеке пәтер иелері кооперативі төрағасы: - Осыдан аз бұрын ғана тазалап едік бір күн ішінде міне қараңыз қандай күйге енді.Қазір тазалап жатырмыз, тым болмағанда жол салып қояйық деп.Әкімдіктен көмек сұрап отырмыз, болып қалар. Күн райының қолайсыздығына қарамастан алысқа жол тартқан 11 көлік қарға бітеліп, құтқарушылар көмекке келген. Екі науқастың жедел жәрдем көлігіне жетуіне жағдай жасалды. Арман ТОҚАНОВ, ШҚО ТЖД бірлескен кезекшілік басқармасының аға офицері: - Қолайсыз ауа райына орай біз жедел штаб құрып, түнімен жұмыс істедік. Құтқарушылар жолға шығып 11 көлікті қар астынан аршып алды. Қазыр барлық жағдайды қадағалап отырмыз. Қалың қарға орай білім орындарында таңертеңгі ауысымдағы сабақ тоқтатылды. Мектеп ауласында аяқ алып жүруге қиын болғандықтан, оны тазартуға тіпті мұғалімдердің өздері де белсене кірісті. Осылайша қала омбы қардың ортасында қалды деуге болады. Әкімдік өкілдері барлық мекеме,ұйымдарды өздеріне тиісті  ауданды қардан тазартуға шақырып, жекеменшік ұйымдардан техникалық қолдау сұрауда. Жол шетіндегі қарды қала сыртына тасып шығару – Өскемендегі комммуанлдық қызметтің ең басты жұмысы. Күн райы күрт жылына қалса, таудай болып үйілген қар лезде топан суға айналуы мүмкін. Ал синоптиктер қалада алдағы күндері әлі де толассыз қар жаууы ықтимал деп отыр.

Өскемен қаласы бір тәулік ішінде қалың қардың астында қалды. Табиғаттың тосын мінезіне орай қала әкімі  төтенше жағдай жариялап, халыққа үндеу тастады.

Толассыз жауған қар шаһардағы көлік қозғалысын қиындатып, алыс аймақтарда жол қатынасына кедергі болуда. Төтенше жағдайлар қызметі жедел штаб құрып, күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Құтқарушылар алыс жолға шығып қарға кептеліп қалған 10-нан астам көлік иелеріне көмек көрсетті.

Зейнеткер Виктор бір күн ішінде осынша қардың жауғанын өмірінде екінші рет көрген қария таңнан бері есік алдындағы көліктерін қардан тазарта алмай әлек болуда.

Виктор ГУБАРЕВ, зейнеткер:

- Осындай қыс 56-57 жылдары болған. Бірақ содан бері 1 метрге жуық қардың бір түнде түскенін көрген емеспін.

Онсыз да қар қабаты қалың деп шошып отырған коммуналдық мекемелер түні бойы кірпік ілмей қар тазалаумен айналысты. Алайда тынбай жауған қар техникаға да жұмысшыларға да дес бермеді. Жеке пәтер иелері кооперативтері де таң атысымен қолдарынан күрек тастамай жүр. Дегенмен ауланы тазартуға қосымша техника болмайынша, түк шықпайды дейді олар.

Владимир ЗАПОРОЖЦЕВ, жеке пәтер иелері кооперативі төрағасы:

- Осыдан аз бұрын ғана тазалап едік бір күн ішінде міне қараңыз қандай күйге енді.Қазір тазалап жатырмыз, тым болмағанда жол салып қояйық деп.Әкімдіктен көмек сұрап отырмыз, болып қалар.

Күн райының қолайсыздығына қарамастан алысқа жол тартқан 11 көлік қарға бітеліп, құтқарушылар көмекке келген. Екі науқастың жедел жәрдем көлігіне жетуіне жағдай жасалды.

Арман ТОҚАНОВ, ШҚО ТЖД бірлескен кезекшілік басқармасының аға офицері:

- Қолайсыз ауа райына орай біз жедел штаб құрып, түнімен жұмыс істедік. Құтқарушылар жолға шығып 11 көлікті қар астынан аршып алды. Қазыр барлық жағдайды қадағалап отырмыз.

Қалың қарға орай білім орындарында таңертеңгі ауысымдағы сабақ тоқтатылды. Мектеп ауласында аяқ алып жүруге қиын болғандықтан, оны тазартуға тіпті мұғалімдердің өздері де белсене кірісті. Осылайша қала омбы қардың ортасында қалды деуге болады. Әкімдік өкілдері барлық мекеме,ұйымдарды өздеріне тиісті  ауданды қардан тазартуға шақырып, жекеменшік ұйымдардан техникалық қолдау сұрауда.

Жол шетіндегі қарды қала сыртына тасып шығару – Өскемендегі комммуанлдық қызметтің ең басты жұмысы. Күн райы күрт жылына қалса, таудай болып үйілген қар лезде топан суға айналуы мүмкін. Ал синоптиктер қалада алдағы күндері әлі де толассыз қар жаууы ықтимал деп отыр.

Ұқсас материалдар