Қандастар Ассамблея

Илья Ильин студенттердің Жазғы универсиадасына қатысуы мүмкін

12.02.2013 1515
Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин биылғы жылы Қазан қаласында өтетін Жазғы Универсиада ойындарына қатысуы мүмкін. Бұл туралы «Аламанның» тілшісіне отандық студенттер спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов хабарлады. Оның айтуынша «Ильяға ұсыныс жасалынып, қазір ол ойлану үстінде»,- екен. Жақында өз жауабын айтуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік Илья Ильин Универсиада ойындарына қатысуға толық құқылы. Ол қазірде Қазақтың спорт және туризм академиясының докторанты болып табылады. Және екі дүркін Олимпиада чемпионының коллекциясында тек «универсиада чемпионы» деген атақ қана жоқ. «Мықты деген спортшылардың көбінде бұл атақ бар, Ильяғада артық етпес, ол сол олқылықтың орнын толтырады деген үміттемін»,-деді Қайрат Закирьянов. alaman.kz

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин биылғы жылы Қазан қаласында өтетін Жазғы Универсиада ойындарына қатысуы мүмкін. Бұл туралы «Аламанның» тілшісіне отандық студенттер спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов хабарлады.

Оның айтуынша «Ильяға ұсыныс жасалынып, қазір ол ойлану үстінде»,- екен. Жақында өз жауабын айтуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік Илья Ильин Универсиада ойындарына қатысуға толық құқылы. Ол қазірде Қазақтың спорт және туризм академиясының докторанты болып табылады. Және екі дүркін Олимпиада чемпионының коллекциясында тек «универсиада чемпионы» деген атақ қана жоқ. «Мықты деген спортшылардың көбінде бұл атақ бар, Ильяғада артық етпес, ол сол олқылықтың орнын толтырады деген үміттемін»,-деді Қайрат Закирьянов.

alaman.kz

Ұқсас материалдар