Қандастар Ассамблея

Нұрлан Сыдықов: 2050 деген – болашақ, болашақ дегеніміз – жастар

12.02.2013 2740
«Жас Отан» жастар қанатының Атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықовпен бүгінгі жастар тақырыбына байланысты аз-кем әңгіме құрдық.   – Елбасы Жолдауында жастар мәселесіне байланысты аз айтқан жоқ. Бағыт сілтеп, мақсат қойды. Соның орындалу барысы қалай жүзеге асып жатыр? – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының жөні ерекше, мағынасы терең, бағдары айқын, стратегиялық маңызды өте жоғары құжат деп есептеймін. Соның бір айғағы және ерекшелігі – жастарға деген үлкен жауапкершілік артып отырғанын сезіндік. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясының өзі жастар үшін қабылданып жатыр. Өйткені, жастар – мемлекеттің болашағы. Ал болашақтың іргесін жастар қалайды. Жолдау жастардың болашағына үлкен серпін беріп, олардың келешекке деген көзқарасына зор сенім ұялатты және білімге, еңбекке және табан¬дылыққа талпынуға шақырды. Жолдауда жастар аса үлкен қызығушылық танытатын ең үздік 100 заманауи кітапты іріктеп, оларды мемлекеттік тілге аудару қажеттілігін атап өткен болатын. Ел Президентінің осы тапсырмасын орындау мақсатында ғаламтордағы ең үздік 100 кітап іріктеу байқауын бастап жібердік. Ғаламтор – қазақстандық жастардың негізгі алаңы. Мақсатымыз – жастар арасында кітап оқу мәдениетінің артуына үлес қосу. – Елбасы Жолдауында «1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды» деді. «Болашақты» тәмамдаған жас мамандармен қаншалықты жұмыс атқарасыздар? – «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің көпшілігі мемлекеттік қызмет пен халықаралық ұйымдарда жауапты қызмет атқарып жүр. Еліміздің әлеуметтік–экономикалық дамуына үлес қосып жүрген «Болашақ» Қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Стипендиаттардың басын қосып, зияткерлік, шығармашылық және іскерлік әлеуетін, біліктіліктерін мейлінше пайдамызға жаратуға тырысып жатырмыз. Мысалы, «Жас Отанның» жылдағы «Жастар Отанға!» саяси лагерлері, Жастар кадрлық резерві сияқты жобаларының іске асырылуына «Болашақ» қауымдастығының мүшелері етене араласып тұрады. – Қазіргі қазақ жастарының қандай мінезін, қандай қабілетін ерекше бағалар едіңіз? – Қазіргі жастардың мінезі ер жүрек, «Отан» деп соғады. Жан-жақты, өте қабілетті. Қоғамдық істерге белсене араласып, өз ойымен еркін бөлісе алатын ұл-қыздар өсіп келе жатыр. Өнерде де, спортта да үлкен жетістіктерге жететін жастар. Барлығы жан-жақты. Саясатта жүргендері де аз емес. Жоғары лауазымды қызметтерде, үлкен ұжымдарға басшылық етіп отырған жас мамандарды да аз кездестірмейсіз. – Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сө¬зін¬де, елдің ең ірі жастар ұйымы - «Жас Отан» жастар қанатына 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді тапсырған еді. Сол қалай жүзеге асып жатыр? – Елбасының тапсырмасын орындауға, яғни стратегия жобасын әзірлеу үшін арнайы жұмысшы тобының сапалы құрамы жасалды. Оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері, ғалымдар, спортшылар, кәсіпкерлер, саясаттанушылар бар. Құжатқа стратегиялық екпін, салмақтылық беру мақсатында «Жас Отан» Жастар қанатымен республиканың барлық аймақтарының жастар өкілдерінен ұсыныстар жиналды. Жұмысшы тобы үш отырыс өткізіп, келіп түскен ұсыныстарды стратегия жобасына қосу үшін сапалы түрде зерделеуге мүмкіндік берді. Құжатты үтір-нүктесіне дейін тексеріп, қадағалау үшін жеке үйлестірушілер бекітілді. Сондықтан, «Жас Отан» ЖҚ Стратегиясын жеке жастар ұйымының емес, алдағы уақытта қазақстандық жастардың бағдарламалық құжаты болады деп сенімді түрде айта аламыз. Осы уақыт аралығында бірнеше тың бастама көтердік. Біріншіден, биылғы жылды ауыл және жұмысшы жастар жылы деп жарияладық. Осы бағдарлама негізінде Астана қаласындағы «Цесна-Астық» өндірістік кешенінде, Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» зауытында, Өскемендегі «ҚАЗМЫРЫШ» Акционерлік қоғамы және «Алтай» технопаркінде, Степногорскідегі Тау-химия комбинаты ЖШС-де жұмысшы жастарымен кездесіп қайттым. – 2025 жыл – латын әліпбиіне көшудің соңғы межесі. Осыған жастар қаншалықты ат салысып жатыр? – Менің ойымша, латын әліпбиіне ауысу жастар үшін еш қиындық туғызбайды. Оның үстіне, барлығы бірауыздан қолдап отыр. 2000 жылдардың басында Әзірбайжан мемлекеті латын қарпіне көшкенде де, бастаманы жастар бірауыздан қолдады. Еш қиындыққа қарамастан әзірбайжан жастары таразы басын тең ұстап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды. Біздің жастарда да сондай ымырашылдық барына сенемін. Егер латын әліпбиіне ауысатын болсақ, кирилл қарпі қолданыстан шығады. Бұл мемлекеттік тілдің мәртебесінің биіктеуіне жол ашады. Біз осы бастан қоғамды латын қарпіне көшуге дайындай беруіміз қажет. Биылдан бастап «Қазақша сөйлесейік!» республикалық акциясының аясында латын әліпбиіне ауысудың тиімді жақтарын көрсетуді қолға алдық. Әңгімелескен – Жандос БАЙДІЛДА. BAQ.kz

«Жас Отан» жастар қанатының Атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықовпен бүгінгі жастар тақырыбына байланысты аз-кем әңгіме құрдық.  
– Елбасы Жолдауында жастар мәселесіне байланысты аз айтқан жоқ. Бағыт сілтеп, мақсат қойды. Соның орындалу барысы қалай жүзеге асып жатыр?
– Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының жөні ерекше, мағынасы терең, бағдары айқын, стратегиялық маңызды өте жоғары құжат деп есептеймін. Соның бір айғағы және ерекшелігі – жастарға деген үлкен жауапкершілік артып отырғанын сезіндік. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиясының өзі жастар үшін қабылданып жатыр. Өйткені, жастар – мемлекеттің болашағы. Ал болашақтың іргесін жастар қалайды. Жолдау жастардың болашағына үлкен серпін беріп, олардың келешекке деген көзқарасына зор сенім ұялатты және білімге, еңбекке және табан¬дылыққа талпынуға шақырды.
Жолдауда жастар аса үлкен қызығушылық танытатын ең үздік 100 заманауи кітапты іріктеп, оларды мемлекеттік тілге аудару қажеттілігін атап өткен болатын. Ел Президентінің осы тапсырмасын орындау мақсатында ғаламтордағы ең үздік 100 кітап іріктеу байқауын бастап жібердік. Ғаламтор – қазақстандық жастардың негізгі алаңы. Мақсатымыз – жастар арасында кітап оқу мәдениетінің артуына үлес қосу.
– Елбасы Жолдауында «1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды» деді. «Болашақты» тәмамдаған жас мамандармен қаншалықты жұмыс атқарасыздар?
– «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің көпшілігі мемлекеттік қызмет пен халықаралық ұйымдарда жауапты қызмет атқарып жүр. Еліміздің әлеуметтік–экономикалық дамуына үлес қосып жүрген «Болашақ» Қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Стипендиаттардың басын қосып, зияткерлік, шығармашылық және іскерлік әлеуетін, біліктіліктерін мейлінше пайдамызға жаратуға тырысып жатырмыз. Мысалы, «Жас Отанның» жылдағы «Жастар Отанға!» саяси лагерлері, Жастар кадрлық резерві сияқты жобаларының іске асырылуына «Болашақ» қауымдастығының мүшелері етене араласып тұрады.
– Қазіргі қазақ жастарының қандай мінезін, қандай қабілетін ерекше бағалар едіңіз?
– Қазіргі жастардың мінезі ер жүрек, «Отан» деп соғады. Жан-жақты, өте қабілетті. Қоғамдық істерге белсене араласып, өз ойымен еркін бөлісе алатын ұл-қыздар өсіп келе жатыр. Өнерде де, спортта да үлкен жетістіктерге жететін жастар. Барлығы жан-жақты. Саясатта жүргендері де аз емес. Жоғары лауазымды қызметтерде, үлкен ұжымдарға басшылық етіп отырған жас мамандарды да аз кездестірмейсіз.
– Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сө¬зін¬де, елдің ең ірі жастар ұйымы - «Жас Отан» жастар қанатына 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді тапсырған еді. Сол қалай жүзеге асып жатыр?
– Елбасының тапсырмасын орындауға, яғни стратегия жобасын әзірлеу үшін арнайы жұмысшы тобының сапалы құрамы жасалды. Оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері, ғалымдар, спортшылар, кәсіпкерлер, саясаттанушылар бар. Құжатқа стратегиялық екпін, салмақтылық беру мақсатында «Жас Отан» Жастар қанатымен республиканың барлық аймақтарының жастар өкілдерінен ұсыныстар жиналды. Жұмысшы тобы үш отырыс өткізіп, келіп түскен ұсыныстарды стратегия жобасына қосу үшін сапалы түрде зерделеуге мүмкіндік берді. Құжатты үтір-нүктесіне дейін тексеріп, қадағалау үшін жеке үйлестірушілер бекітілді. Сондықтан, «Жас Отан» ЖҚ Стратегиясын жеке жастар ұйымының емес, алдағы уақытта қазақстандық жастардың бағдарламалық құжаты болады деп сенімді түрде айта аламыз.
Осы уақыт аралығында бірнеше тың бастама көтердік. Біріншіден, биылғы жылды ауыл және жұмысшы жастар жылы деп жарияладық. Осы бағдарлама негізінде Астана қаласындағы «Цесна-Астық» өндірістік кешенінде, Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» зауытында, Өскемендегі «ҚАЗМЫРЫШ» Акционерлік қоғамы және «Алтай» технопаркінде, Степногорскідегі Тау-химия комбинаты ЖШС-де жұмысшы жастарымен кездесіп қайттым.
– 2025 жыл – латын әліпбиіне көшудің соңғы межесі. Осыған жастар қаншалықты ат салысып жатыр?
– Менің ойымша, латын әліпбиіне ауысу жастар үшін еш қиындық туғызбайды. Оның үстіне, барлығы бірауыздан қолдап отыр. 2000 жылдардың басында Әзірбайжан мемлекеті латын қарпіне көшкенде де, бастаманы жастар бірауыздан қолдады. Еш қиындыққа қарамастан әзірбайжан жастары таразы басын тең ұстап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды. Біздің жастарда да сондай ымырашылдық барына сенемін. Егер латын әліпбиіне ауысатын болсақ, кирилл қарпі қолданыстан шығады. Бұл мемлекеттік тілдің мәртебесінің биіктеуіне жол ашады.
Біз осы бастан қоғамды латын қарпіне көшуге дайындай беруіміз қажет. Биылдан бастап «Қазақша сөйлесейік!» республикалық акциясының аясында латын әліпбиіне ауысудың тиімді жақтарын көрсетуді қолға алдық.

Әңгімелескен – Жандос БАЙДІЛДА.

BAQ.kz

Ұқсас материалдар