Қандастар Ассамблея

БОКС: Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуге сақадай сай

12.02.2013 2114
Ағымдағы жылдың 14, 15 және 17 ақпанында Астанада Қазақстан, Украина, Өзбекстан және Әзірбайжан елдерінің боксшылары өзара жолдастық кездесу өткізеді. Мырзағали Айтжанов бастаған қазақстандық былғары қолғап шеберлері айтулы сынға сақадай сай. Оған кеше өзіміз де көз жеткізіп қайттық.  Оқу-жаттығу жиынына ел боксшыларымен бірге Украина және Әзірбайжан спортшылары да қатысуда. Биылғы жылдың жоспарында тек төрт ел арасындағы жолдастық кездесу тұрған жоқ. Германияның Галлесінде өтетін халықаралық жарыс (кіші әлем чемпионаты), Чехиядағы байрақты бәсеке, Азия біріншілігі және күзде Алматыда өтетін Әлем чемпионаты. Аталған жарыстарда Қазақстан намысын кімдер қорғайтынын білу мақсатында Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановты әңгімеге тарттық. «Дәл қазіргі таңда үш елдің біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз: Қазақстан, Украина, Әзірбайжан. Осы дайындықтан кейін Астанаға Өзбекстан ұлттық құрамасы да келеді, төрт ел арасында жолдастық кездесу өткіземіз. Бұл бірақ, тек дайындық қана, негізгі мақсат – әлем чемпионаты, күзде өтетін. Ал, оған дейін Азия чемпионаты бар. Қайда және нақты қай уақытта өткізілетіні белгісіз. Осы жақын күндері анықталатын болады» деді бас бапкер сөз барысында. 14-17 ақпан аралығында өтетін жолдастық кездесуге Қазақстан ұлттық құрамасы мынадай құрамда шаршы алаңға шығатын болды: Біржан Жақыпов – 49 кг; Ілияс Сүлейменов – 52 кг; Қайрат Ералиев – 56 кг; Берік Әбдірахманов – 60 кг; Мерей Ақшалов – 64 кг; Данияр Елеусінов – 69 кг; Жәнібек Әлімханұлы – 75 кг; Әділбек Ниязымбетов – 81 кг; Антон Пинчук – 91 кг; Иван Дычко – +91 кг. Жерлестерімізге жеңіс тілейік!  Серғали Балажан BAQ.kz

Ағымдағы жылдың 14, 15 және 17 ақпанында Астанада Қазақстан, Украина, Өзбекстан және Әзірбайжан елдерінің боксшылары өзара жолдастық кездесу өткізеді. Мырзағали Айтжанов бастаған қазақстандық былғары қолғап шеберлері айтулы сынға сақадай сай. Оған кеше өзіміз де көз жеткізіп қайттық. 

Оқу-жаттығу жиынына ел боксшыларымен бірге Украина және Әзірбайжан спортшылары да қатысуда. Биылғы жылдың жоспарында тек төрт ел арасындағы жолдастық кездесу тұрған жоқ. Германияның Галлесінде өтетін халықаралық жарыс (кіші әлем чемпионаты), Чехиядағы байрақты бәсеке, Азия біріншілігі және күзде Алматыда өтетін Әлем чемпионаты.
Аталған жарыстарда Қазақстан намысын кімдер қорғайтынын білу мақсатында Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановты әңгімеге тарттық.

«Дәл қазіргі таңда үш елдің біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз: Қазақстан, Украина, Әзірбайжан. Осы дайындықтан кейін Астанаға Өзбекстан ұлттық құрамасы да келеді, төрт ел арасында жолдастық кездесу өткіземіз. Бұл бірақ, тек дайындық қана, негізгі мақсат – әлем чемпионаты, күзде өтетін. Ал, оған дейін Азия чемпионаты бар. Қайда және нақты қай уақытта өткізілетіні белгісіз. Осы жақын күндері анықталатын болады» деді бас бапкер сөз барысында.
14-17 ақпан аралығында өтетін жолдастық кездесуге Қазақстан ұлттық құрамасы мынадай құрамда шаршы алаңға шығатын болды:

Біржан Жақыпов – 49 кг;
Ілияс Сүлейменов – 52 кг;
Қайрат Ералиев – 56 кг;
Берік Әбдірахманов – 60 кг;
Мерей Ақшалов – 64 кг;
Данияр Елеусінов – 69 кг;
Жәнібек Әлімханұлы – 75 кг;
Әділбек Ниязымбетов – 81 кг;
Антон Пинчук – 91 кг;
Иван Дычко – +91 кг.

Жерлестерімізге жеңіс тілейік! 

Серғали Балажан

BAQ.kz

Ұқсас материалдар