Қандастар Ассамблея

Бүгін Серiк Ахметов Әдiлет министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа мәжiлiсiне қатысады – ОКҚ

11.02.2013 2029
Бүгін ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов Әдiлет министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа мәжiлiсiне қатысады. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев хабарлады. «Бүгiн, 11-шi ақпанда ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов Әдiлет министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа мәжiлiсiне қатысады деп жоспарланып отыр. Алқа отырысында ҚР Әдiлет министрi Берiк Имашев Елбасы тапсырмаларының орындалуы жөнiнде баяндама жасайды, 2012 жылдың қорытындысын шығарып, биылғы жылдың басты мiндеттерiне тоқталады. Бүгiнгi таңда Әдiлет министрлiгi қол қойылатын құқықтық шарттардың Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестiгiн қадағалауда», - дедi А.Әбибуллаев. Оның айтуынша, Әдiлет министрлiгi мемлекеттiк органдардың жұмысындағы заңдылықты қадағалап, Қазақстанның әрбiр азаматының , әрбiр ұйым мүшелерінің заңдылығы мен құқығын қорғауды қамтамасыз етiп келедi. Диана Құлмағанбетова  

Бүгін ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов Әдiлет министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа мәжiлiсiне қатысады. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев хабарлады.

«Бүгiн, 11-шi ақпанда ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов Әдiлет министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа мәжiлiсiне қатысады деп жоспарланып отыр. Алқа отырысында ҚР Әдiлет министрi Берiк Имашев Елбасы тапсырмаларының орындалуы жөнiнде баяндама жасайды, 2012 жылдың қорытындысын шығарып, биылғы жылдың басты мiндеттерiне тоқталады. Бүгiнгi таңда Әдiлет министрлiгi қол қойылатын құқықтық шарттардың Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестiгiн қадағалауда», - дедi А.Әбибуллаев.

Оның айтуынша, Әдiлет министрлiгi мемлекеттiк органдардың жұмысындағы заңдылықты қадағалап, Қазақстанның әрбiр азаматының , әрбiр ұйым мүшелерінің заңдылығы мен құқығын қорғауды қамтамасыз етiп келедi.

Диана Құлмағанбетова

 

Ұқсас материалдар