Қандастар Ассамблея

G-global алаңын құру – дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы

10.02.2013 4061
Өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумы аясында «G-global» жобасын құруды ұсынды. Бұл идея саяси және іскерлік орталарда, әлемдік қоғамдастық тарапынан бірден үлкен қолдауға ие болды. Жобаны Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл, Джон Нэш, Роберт Корнберг, Эрик Маскин, Джон Ауманн, Финн Кидланд, Джеймс Миррлис, сондай-ақ халықаралық бизнес және білім, ғылым ұйымдарының өкілдері жоғары бағалады. Оның өзіндік себебі бар. Өйткені, «G-global сұхбат алаңы» – отандық экономика мен әлем экономикасының дамуына мүдделі болып отырған әр түрлі әлеуметтік топтар мен әлемге арналған жоба. Сонымен қатар ол бүкіл әлемге Астана форумының электронды жүйесіне қатысуға мүмкіндік беретін бірегей жүйе екені шүбәсіз.  Сонымен, «G-global» жобасы дегеніміз не, оның көздегені, мақсат-міндеті қандай? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бұл ғаламдық жоба маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларды мемлекетаралық деңгейде талқылауға арналған. Оның ішінде осыдан төрт-бес жыл бұрын басталып, бүгінде Еуропаны тұралатып, Азияны теңселтіп тұрған қаржы дағдарысын еңсерудің негізгі жолдары қарастылады. Яғни, G-global алаңы дағдарыстан шығуға мүмкіндік береді.  5-ші Астана экономикалық форумында Қазақстан Президенті консенсус негізінде жүзеге асатын әлемдік дағдарысқа қарсы шаралардың жоспарын әзірге ешкім ұсына алмай отырғанын және G20 және G8 форматтары дағдарыс алдында нәтижесіз болғанын, бұл форматтар шеңберінде әлемдік дағдарыстың жоспарын талқылау әлі де болса басталмағанын мәлімдеп, жаһандық дағдарысқа қарсы шешімдерді қабылдаушылар шеңберін кеңейтуды ұсынды. Әлем назарын тіккен алқалы басқосуда Н.Назарбаев Қазақстан Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттерімен біріге отырып, 2012 жылы жаһандық дағдарысқа қарсы конфереция өткізу бастамасын қолдап отырғанын тілге тиек етіп, «оған бүкіл әлем мемлекеттері қатысады, сонда БҰҰ-ның дағдарысқа қарсы әлемдік реформалар Жоспарын жасап шығаруға мүмкіндік болар еді. Осыған орай, Астана экономикалық форумының негізгі ұйымдастырушылары болып табылатын Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы жаңа әлемдік қаржы жүйесінің және бірегей әлемдік валютаның қызмет ету механизмін әзірледі», - деген еді. Жалпы, Қазақстан Президентінің бастамасымен өткізіліп жатқан Астана экономикалық форумдары соңғы жылдары бүкіл әлемге танымал болғанын атап өту керек. Бұл форумдарда Мемлекет басшысы әлемдік және ұлттық экономиканы дамытудағы өз көзқарасын білдіріп, жаңа бастамалар көтереді. Айталық, былтырғы форум кезінде Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездескен Н. Назарбаев: «Астана экономикалық форумы қазіргі таңда жаһандық сипат алып, әлемге танымал ғалымдардың басын қосып отыр. Әлем форумды көзден таса қылмай, жаңа идеялар мен ұсыныстар күтетін болады» деген болатын. Форум қатысушылары әлемдік пікірталасты G-Global форматында кеңейту және жаңа әлемдік валюта енгізу идеясын қолдады. Атап айтқанда, Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл Н.Назарбаевтың бұл идеясын қолдап, әлемдік валюта «міндетті түрде қолданысқа енеді» деген пікірін білдірді. Оның айтуынша, шындығында да қаржы дағдарысының бүгінде байыбына жетіп жүргендер аз. Ал Қазақстан Президенті әлемде болып жатқан жаһандық үзілістерді толық және терең бағалай алатын санаулы саясаткерлердің бірі. Дағдарыс қызған шақта Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында Н. Назарбаев атап өткендей, қазіргі таңда әлемдік ғалымдар, жетекші сарапшылар мен саясаткерлер жаһандық дағдарыс пен әлемдік қауымдастықтың одан әрі дамуының негізгі үш нұсқасын талқылайды. Бірінші нұсқаны жақтаушылар дағдарыс бір реттік сипатқа ие, ол шегіне жетті, қазір құлдырау процесі аяқталып, жағдай оңалып келеді деген пікірді алға тартады. Екінші нұсқа: экономика құлдырады, бірақ оны қалпына келтіруге 10-15 уақыт кетеді. Үшінші нұсқа: бүгінгі дағдарыс жүйелік, жаһандық және созылмалы. Ол әлемдік әлеуметтік-экономикалық формацияның ауысуына әкеп соқтырады. Қазақстан басшысы бүгінде сарапшылардың басым бөлігі екінші, тіпті үшінші нұсқаны дұрыс деп санайтынын атап өтті. Шындығында да, қазір әлемде дағдарыстан шығу стратегиясы қызу талқыланып жатыр, дағдарыстан кейін әлемді тұрақтандырудың бірнеше сценарийі бар екені құпия емес. Оның бірін 2009 жылдың басында, дағдарыстың шарықтап тұрған тұсында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Дағдарыстың кілті» және «Бесінші жол» мақалаларында атап көрсетіп, дүниежүзілік қаржы реформасы жайлы бастамасын әлемдік қауымдастыққа ұсынған еді. Онда косметикалық дағдарысқа қарсы шаралар әлемді жаңа дағдарыстың өсіп келе жатқан толқындарынан сақтап қалмайтыны сөз болады. Жаһандық экономикалық дағдарыс өріс алып келе жатқаннан бастап долларға балама валюта табу қажеттілігі туралы сарапшылар ғана емес, ірі мемлекеттердің көшбасшылары да айта бастады. 2003 жылы өңірлік еуразиялық валюта құру бастамасын көтеріп, 2009 жылы әлемдік қор валютасы ретінде долларды ауыстыру идеясын ұсынған Қазақстан бұл істе алғашқылардың бірі болды деуге болады. Қазақстан басшысы «Дағдарыстың кілті» атты талдау мақаласында жаңа әлемдік валюта — «ақметалды» қолданысқа енгізудің пайдалы екеніне салмақты дәлелдер келтіреді. Әлемдік қаржы жүйесін қайта құру туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын Ресей мен Қытай басшысы қолдап, қуаттады. ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао ұлттық валюталар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері арасында есеп жүргізуде және ұйым аясында ұлтаралық есеп алмасу бірліктерін жасауда қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Содан кейін бұл тақырыпты ресей президенті іліп әкетіп, ізінше өз көзқарасын білдірді. Ол, атап айтқанда, көптеген әлемдік қаржы орталықтары мен әлемдік қор валюталары есебінен жаһандық қаржы жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға шақырды. Қазақстан, Ресей және Қытай көшбасшыларының батыл мәлімдемесінен кейін көптеген елдерде долларды ауыстыруы тиіс жаңа халықаралық валюта құру қажеттігі туралы жиі айтыла бастады. БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) долларды жаңа жалпы әлемдік валютамен ауыстыруды ұсынатын баяндамасын жариялады. Құжатта доллар әлемдік резервтік валюта болып табылатын қазіргі қаржы жүйесінің тиімсіз екені және ол экономикалық және қаржылық дағдарыстың негізгі себебі болып отырғаны «тайға таң басқандай» анық көрсетілген. Долларды жаңа жалпы әлемдік валютамен ауыстыру туралы UNCTAD баяндамасы халықаралық ұйым тарапынан жасалған мұндай ұсыныстың алғашқысы болып табылады. Н.Назарбаевтың «бесінші жол» туралы, жаңа әлемдік валюта туралы, G-GLOBAL туралы идеясы, маңызы зор мақалалары мен халықаралық форумдарда сөйлеген сөзі оның интеллектуалды көшбасшылығы мен сарабдал саясаткер екенін көрсететіні сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан басшысы бүгінде әлемде қордаланып қалған саяси және экономикалық проблемаларды талқылаудың жаңа үлгісін дер кезінде ұсына білді. Сарапшылардың пікірінше, G-Global бастамасын жиырма бірінші ғасырдағы әлемді реттеудің маңызды қағидалары және болашақ әлемнің идеяларын топтастырушы құрал ретінде қарастыру керек. Бұл – Астананың, оның көшбасшысының және негізін қалаушысының идеясы. Бүгінде бұл идеямен әлем елдері етене таныс. Егер осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан біреу білсе, біреу білмейтін Тәуелсіздігін енді алған жас мемлекет болса, бүгінде әлемнің беделді әрі бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылып отыр. Мұнда, әрине, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі бар екені рас. Әлемдік қауымдастық та мұны жоққа шығармайды. Айталық, Президент Назарбаевтың Астана экономикалық форумы базасында G-Global алаңын құру туралы бастамасын Британияның сарапшылары оң бағалауда. 30-жылдық еңбек өтілі бар аудитор, бірқатар ірі британдық және халықаралық компаниялардың қызметкері Питер Щиди G-Global жобасының болашағы зор әрі көп ұзамай жемісін береді деп есептейді. Оның айтуынша, G20 сияқты аясы тар ұйымдар, мейлі оған әлемнің ең дамыған елдері мүше болса да қазіргі жағдайда мүлдем тиімсіз және бүгінгі күннің көкейкесті проблемаларын шешуге қауқарсыз. Қашан аяқталатыны белгісіз Еуропадағы дағдарыстың күн өткен сайын шиеленісуі бұған дәлел бола алады. «Кез келген тұлға қатыса алатын әлемдік парламентке ұқсас үлкен ашық форум – G-Global жобасын құру пайдалы іс дер едім. Оның мақсаты – ғаламшардағы өмірді жақсартатын нақты идеяларды ұсынуға қабілетті талантты адамдар табу, жаһандық проблемаларды шешетін сәйкес шаралар қабылдау. Қазақстан тамаша географиялық және экономикалық жағдайда тұр. Әсіресе, шикізат бағасы шарықтап тұрған уақытта елдің мүмкіндігі арта түспек, оның үстіне Ресей мен Беларус елімен Кедендік одақ аясында ынтымақтасуда. Мен көптеген саясаткерлер Назарбаевтың ұсынысына құлақ асатынына сенімдімін», - деген болатын Питер Щиди. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ BNews.kz

Өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумы аясында «G-global» жобасын құруды ұсынды. Бұл идея саяси және іскерлік орталарда, әлемдік қоғамдастық тарапынан бірден үлкен қолдауға ие болды. Жобаны Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл, Джон Нэш, Роберт Корнберг, Эрик Маскин, Джон Ауманн, Финн Кидланд, Джеймс Миррлис, сондай-ақ халықаралық бизнес және білім, ғылым ұйымдарының өкілдері жоғары бағалады. Оның өзіндік себебі бар. Өйткені, «G-global сұхбат алаңы» – отандық экономика мен әлем экономикасының дамуына мүдделі болып отырған әр түрлі әлеуметтік топтар мен әлемге арналған жоба. Сонымен қатар ол бүкіл әлемге Астана форумының электронды жүйесіне қатысуға мүмкіндік беретін бірегей жүйе екені шүбәсіз. 

Сонымен, «G-global» жобасы дегеніміз не, оның көздегені, мақсат-міндеті қандай? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бұл ғаламдық жоба маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларды мемлекетаралық деңгейде талқылауға арналған. Оның ішінде осыдан төрт-бес жыл бұрын басталып, бүгінде Еуропаны тұралатып, Азияны теңселтіп тұрған қаржы дағдарысын еңсерудің негізгі жолдары қарастылады. Яғни, G-global алаңы дағдарыстан шығуға мүмкіндік береді. 

5-ші Астана экономикалық форумында Қазақстан Президенті консенсус негізінде жүзеге асатын әлемдік дағдарысқа қарсы шаралардың жоспарын әзірге ешкім ұсына алмай отырғанын және G20 және G8 форматтары дағдарыс алдында нәтижесіз болғанын, бұл форматтар шеңберінде әлемдік дағдарыстың жоспарын талқылау әлі де болса басталмағанын мәлімдеп, жаһандық дағдарысқа қарсы шешімдерді қабылдаушылар шеңберін кеңейтуды ұсынды. Әлем назарын тіккен алқалы басқосуда Н.Назарбаев Қазақстан Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттерімен біріге отырып, 2012 жылы жаһандық дағдарысқа қарсы конфереция өткізу бастамасын қолдап отырғанын тілге тиек етіп, «оған бүкіл әлем мемлекеттері қатысады, сонда БҰҰ-ның дағдарысқа қарсы әлемдік реформалар Жоспарын жасап шығаруға мүмкіндік болар еді. Осыған орай, Астана экономикалық форумының негізгі ұйымдастырушылары болып табылатын Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы жаңа әлемдік қаржы жүйесінің және бірегей әлемдік валютаның қызмет ету механизмін әзірледі», - деген еді.

Жалпы, Қазақстан Президентінің бастамасымен өткізіліп жатқан Астана экономикалық форумдары соңғы жылдары бүкіл әлемге танымал болғанын атап өту керек. Бұл форумдарда Мемлекет басшысы әлемдік және ұлттық экономиканы дамытудағы өз көзқарасын білдіріп, жаңа бастамалар көтереді. Айталық, былтырғы форум кезінде Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездескен Н. Назарбаев: «Астана экономикалық форумы қазіргі таңда жаһандық сипат алып, әлемге танымал ғалымдардың басын қосып отыр. Әлем форумды көзден таса қылмай, жаңа идеялар мен ұсыныстар күтетін болады» деген болатын. Форум қатысушылары әлемдік пікірталасты G-Global форматында кеңейту және жаңа әлемдік валюта енгізу идеясын қолдады. Атап айтқанда, Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл Н.Назарбаевтың бұл идеясын қолдап, әлемдік валюта «міндетті түрде қолданысқа енеді» деген пікірін білдірді. Оның айтуынша, шындығында да қаржы дағдарысының бүгінде байыбына жетіп жүргендер аз. Ал Қазақстан Президенті әлемде болып жатқан жаһандық үзілістерді толық және терең бағалай алатын санаулы саясаткерлердің бірі.

Дағдарыс қызған шақта Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында Н. Назарбаев атап өткендей, қазіргі таңда әлемдік ғалымдар, жетекші сарапшылар мен саясаткерлер жаһандық дағдарыс пен әлемдік қауымдастықтың одан әрі дамуының негізгі үш нұсқасын талқылайды. Бірінші нұсқаны жақтаушылар дағдарыс бір реттік сипатқа ие, ол шегіне жетті, қазір құлдырау процесі аяқталып, жағдай оңалып келеді деген пікірді алға тартады. Екінші нұсқа: экономика құлдырады, бірақ оны қалпына келтіруге 10-15 уақыт кетеді. Үшінші нұсқа: бүгінгі дағдарыс жүйелік, жаһандық және созылмалы. Ол әлемдік әлеуметтік-экономикалық формацияның ауысуына әкеп соқтырады. Қазақстан басшысы бүгінде сарапшылардың басым бөлігі екінші, тіпті үшінші нұсқаны дұрыс деп санайтынын атап өтті. Шындығында да, қазір әлемде дағдарыстан шығу стратегиясы қызу талқыланып жатыр, дағдарыстан кейін әлемді тұрақтандырудың бірнеше сценарийі бар екені құпия емес. Оның бірін 2009 жылдың басында, дағдарыстың шарықтап тұрған тұсында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Дағдарыстың кілті» және «Бесінші жол» мақалаларында атап көрсетіп, дүниежүзілік қаржы реформасы жайлы бастамасын әлемдік қауымдастыққа ұсынған еді. Онда косметикалық дағдарысқа қарсы шаралар әлемді жаңа дағдарыстың өсіп келе жатқан толқындарынан сақтап қалмайтыны сөз болады.

Жаһандық экономикалық дағдарыс өріс алып келе жатқаннан бастап долларға балама валюта табу қажеттілігі туралы сарапшылар ғана емес, ірі мемлекеттердің көшбасшылары да айта бастады. 2003 жылы өңірлік еуразиялық валюта құру бастамасын көтеріп, 2009 жылы әлемдік қор валютасы ретінде долларды ауыстыру идеясын ұсынған Қазақстан бұл істе алғашқылардың бірі болды деуге болады. Қазақстан басшысы «Дағдарыстың кілті» атты талдау мақаласында жаңа әлемдік валюта — «ақметалды» қолданысқа енгізудің пайдалы екеніне салмақты дәлелдер келтіреді. Әлемдік қаржы жүйесін қайта құру туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын Ресей мен Қытай басшысы қолдап, қуаттады. ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао ұлттық валюталар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері арасында есеп жүргізуде және ұйым аясында ұлтаралық есеп алмасу бірліктерін жасауда қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Содан кейін бұл тақырыпты ресей президенті іліп әкетіп, ізінше өз көзқарасын білдірді. Ол, атап айтқанда, көптеген әлемдік қаржы орталықтары мен әлемдік қор валюталары есебінен жаһандық қаржы жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға шақырды. Қазақстан, Ресей және Қытай көшбасшыларының батыл мәлімдемесінен кейін көптеген елдерде долларды ауыстыруы тиіс жаңа халықаралық валюта құру қажеттігі туралы жиі айтыла бастады.

БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) долларды жаңа жалпы әлемдік валютамен ауыстыруды ұсынатын баяндамасын жариялады. Құжатта доллар әлемдік резервтік валюта болып табылатын қазіргі қаржы жүйесінің тиімсіз екені және ол экономикалық және қаржылық дағдарыстың негізгі себебі болып отырғаны «тайға таң басқандай» анық көрсетілген. Долларды жаңа жалпы әлемдік валютамен ауыстыру туралы UNCTAD баяндамасы халықаралық ұйым тарапынан жасалған мұндай ұсыныстың алғашқысы болып табылады. Н.Назарбаевтың «бесінші жол» туралы, жаңа әлемдік валюта туралы, G-GLOBAL туралы идеясы, маңызы зор мақалалары мен халықаралық форумдарда сөйлеген сөзі оның интеллектуалды көшбасшылығы мен сарабдал саясаткер екенін көрсететіні сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан басшысы бүгінде әлемде қордаланып қалған саяси және экономикалық проблемаларды талқылаудың жаңа үлгісін дер кезінде ұсына білді.

Сарапшылардың пікірінше, G-Global бастамасын жиырма бірінші ғасырдағы әлемді реттеудің маңызды қағидалары және болашақ әлемнің идеяларын топтастырушы құрал ретінде қарастыру керек. Бұл – Астананың, оның көшбасшысының және негізін қалаушысының идеясы. Бүгінде бұл идеямен әлем елдері етене таныс. Егер осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан біреу білсе, біреу білмейтін Тәуелсіздігін енді алған жас мемлекет болса, бүгінде әлемнің беделді әрі бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылып отыр. Мұнда, әрине, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі бар екені рас. Әлемдік қауымдастық та мұны жоққа шығармайды. Айталық, Президент Назарбаевтың Астана экономикалық форумы базасында G-Global алаңын құру туралы бастамасын Британияның сарапшылары оң бағалауда. 30-жылдық еңбек өтілі бар аудитор, бірқатар ірі британдық және халықаралық компаниялардың қызметкері Питер Щиди G-Global жобасының болашағы зор әрі көп ұзамай жемісін береді деп есептейді. Оның айтуынша, G20 сияқты аясы тар ұйымдар, мейлі оған әлемнің ең дамыған елдері мүше болса да қазіргі жағдайда мүлдем тиімсіз және бүгінгі күннің көкейкесті проблемаларын шешуге қауқарсыз. Қашан аяқталатыны белгісіз Еуропадағы дағдарыстың күн өткен сайын шиеленісуі бұған дәлел бола алады.

«Кез келген тұлға қатыса алатын әлемдік парламентке ұқсас үлкен ашық форум – G-Global жобасын құру пайдалы іс дер едім. Оның мақсаты – ғаламшардағы өмірді жақсартатын нақты идеяларды ұсынуға қабілетті талантты адамдар табу, жаһандық проблемаларды шешетін сәйкес шаралар қабылдау. Қазақстан тамаша географиялық және экономикалық жағдайда тұр. Әсіресе, шикізат бағасы шарықтап тұрған уақытта елдің мүмкіндігі арта түспек, оның үстіне Ресей мен Беларус елімен Кедендік одақ аясында ынтымақтасуда. Мен көптеген саясаткерлер Назарбаевтың ұсынысына құлақ асатынына сенімдімін», - деген болатын Питер Щиди.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

BNews.kz

Ұқсас материалдар