Қандастар Ассамблея

Қоғамдық орындарда шылым шегетіндермен күрес күшеюде

09.02.2013 2307
Астана қаласы Ішкі Істер Департаменті мен «Темекі түтінінен азат Қазақстан» атты ұлттық коалиция және  «Жас Отан» Жастар қанаты 8 ақпан күні қаладағы дәмхана, қонақ үй, мейрамханаларда  рейд жүргізді. Рейдтің мақсаты – қоғамдық орындарда шылым шегетіндерге қатаң ескеру жасап, заң талаптарын түсіндіру.  Аталған рейд «Тоқта, қылмыс» атты акция шеңберінде жүзеге асырылуда. Акция 5 ақпанда басталды, енді бір жыл бойы жүргізілетін болады. Жыл басынан бері тыйым салынған жерде шылым шеккен 362 адамға хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Айыппұл көлемі жеке тұлғалар үшін 1 АЕК-дан 5 АЕК-ке дейін. Ал, лауазымды тұлғалар үшін – 10 АЕК болса, заңды тұлғалар үшін – 40 АЕК. Айта кетейік, 1 АЕК – 1731 теңге. Жүргізілген рейд барысында тыйым салынған жерде шылым шегудің 6 фактісі тіркеліп, шылымқорлар  Әкімшілік заң бұзушылық кодексінің 361-1 тармағы бойынша  жауапқа тартылған. Айта кетейік, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, мұражай, театр, цирк, қоғамдық тамақтану орындарында, мемлекеттік мекемелер мен демалыс орындарында шылым шегуге қатаң тыйым салынады. Жалпы, Астанада заңды белшесінен басып, темекі шегуге рұқсат беріп отырған 8 мейрамхана басты назарға алынған. «Темекі түтінінен азат Қазақстан» атты ұлттық коалиция жетекшісі Жәмилә Садықованың айтуынша, елімізде 4,2 миллион адам темекіге әуес. Пайызға шаққанда Қазақстанның 30%-ы шылым шегеді, оның 12%-ы әйел адамдар. Өкінішке орай, жыл сайын 25 000-ға жуық адам темекінің салдарынан түрлі ауруға шалдығып, көз жұмады екен. Осындай іс-шаралардың жүргізілуі елордадағы шылым шегетіндердің санын  жылдан-жылға азайтуға септігін тигізуде, - деді Жәмилә Садықова. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Астана қаласы Ішкі Істер Департаменті мен «Темекі түтінінен азат Қазақстан» атты ұлттық коалиция және  «Жас Отан» Жастар қанаты 8 ақпан күні қаладағы дәмхана, қонақ үй, мейрамханаларда  рейд жүргізді. Рейдтің мақсаты – қоғамдық орындарда шылым шегетіндерге қатаң ескеру жасап, заң талаптарын түсіндіру.  Аталған рейд «Тоқта, қылмыс» атты акция шеңберінде жүзеге асырылуда. Акция 5 ақпанда басталды, енді бір жыл бойы жүргізілетін болады. Жыл басынан бері тыйым салынған жерде шылым шеккен 362 адамға хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Айыппұл көлемі жеке тұлғалар үшін 1 АЕК-дан 5 АЕК-ке дейін. Ал, лауазымды тұлғалар үшін – 10 АЕК болса, заңды тұлғалар үшін – 40 АЕК. Айта кетейік, 1 АЕК – 1731 теңге.

Жүргізілген рейд барысында тыйым салынған жерде шылым шегудің 6 фактісі тіркеліп, шылымқорлар  Әкімшілік заң бұзушылық кодексінің 361-1 тармағы бойынша  жауапқа тартылған. Айта кетейік, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, мұражай, театр, цирк, қоғамдық тамақтану орындарында, мемлекеттік мекемелер мен демалыс орындарында шылым шегуге қатаң тыйым салынады. Жалпы, Астанада заңды белшесінен басып, темекі шегуге рұқсат беріп отырған 8 мейрамхана басты назарға алынған.

«Темекі түтінінен азат Қазақстан» атты ұлттық коалиция жетекшісі Жәмилә Садықованың айтуынша, елімізде 4,2 миллион адам темекіге әуес. Пайызға шаққанда Қазақстанның 30%-ы шылым шегеді, оның 12%-ы әйел адамдар. Өкінішке орай, жыл сайын 25 000-ға жуық адам темекінің салдарынан түрлі ауруға шалдығып, көз жұмады екен. Осындай іс-шаралардың жүргізілуі елордадағы шылым шегетіндердің санын  жылдан-жылға азайтуға септігін тигізуде, - деді Жәмилә Садықова.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Ұқсас материалдар