Қандастар Ассамблея

Агроөнеркәсіп кешеніндегі салық жүйесін реформалау жоспарланып отыр – Экономика министрі

08.02.2013 1992
Агроөнеркәсіп кешеніндегі салық жүйесін реформалау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру мақсатында олардың экономиканың шикізаттық емес секторлары мен инновацияларды дамытудағы ынталандыру рөлін күшейту үшін бірніші жартыжылдықта Президенттің тапсырмасы бойынша қолданыстағы салықтық жеңілдіктерге тексеру жүргізіледі», - деді Досаев. Сонымен қатар жер салығын ұлғайту арқылы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенге салық салуды реформалау жоспарлануда. Айымгүл Әбілева

Агроөнеркәсіп кешеніндегі салық жүйесін реформалау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру мақсатында олардың экономиканың шикізаттық емес секторлары мен инновацияларды дамытудағы ынталандыру рөлін күшейту үшін бірніші жартыжылдықта Президенттің тапсырмасы бойынша қолданыстағы салықтық жеңілдіктерге тексеру жүргізіледі», - деді Досаев.

Сонымен қатар жер салығын ұлғайту арқылы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенге салық салуды реформалау жоспарлануда.

Айымгүл Әбілева

Ұқсас материалдар