Қандастар Ассамблея

ӘБУ РАЙХАН әл-БИРУНИ,

28.08.2014 24993
ӘБУ РАЙХАН әл-БИРУНИ, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни [4. 10. 973, Іият қ. маңы (Іарақалпақ АКСР Бируни қ. — 11.12.1048, кейбір деректер бойынша, 1050 жылдан кейін, Ғазни қ. Ауғанстан] —ортаазиялық энциклопедист-ғалым.

ӘБУ РАЙХАН әл-БИРУНИ, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни [4. 10. 973, Іият қ. маңы (Іарақалпақ АКСР Бируни қ. — 11.12.1048, кейбір деректер  бойынша, 1050 жылдан кейін, Ғазни қ. Ауғанстан] —ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол өз заманына лайық білім алып, Әбу Абдаллаһ Мұхаммед әл-Хорезми, Әбу Наср әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари т.б. дәстүрлерін жалғастырды. Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Ә. Р. әл-Б. — парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 — 1010 ж-дары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі “Әл-асар  ул-Бақия ан әл-құрун әл-һалия” (“Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші”) деген еңбегін жазды. 1010 ж. Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі (қазіргі “көне Үргеніш”) ғылыми орталықта Ә. Р. әл-Б-дің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх т.б. көрнекті ғалымдар ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізді. Ә. Р. әл-Б-дің “Асыл тастар” (1048) еңбегі екі бөлімнен құралған. 1-бөлімде (36 тарау) лағыл, меруерт, ақық, маржан, қараба, алмас, шыны, “Жылан тасы” т.б. баяндаған. 2-бөлімі (12 тарау) алтын, күміс, сынап, мыс, темір, қорғасын, қалайы т.б. металдармен солардың қоспаларын сипаттауға арналған. Ал, “ағуд каноны (қағидасы)”, “Минералдардың меншікті салмағын анықтау ережесі” сияқты еңбектерінде бұрын ұшыраспаған, бірегей математикалық, астрономиялық әдіс-тәсілдер мен дәлелдемелер қазіргі деректерге өте жақын келеді. Ә. Р. әл-Б-дің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол 150 еңбек жазған, олардың 45-сі астрономия мен математикаға арналған. Астрон. шығармаларында Ә. Р. әл-Б. дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрон. бақылау жұмыстарын жүргізген, Жер мөлшерін т.б. анықтаған.   Ә. Р. әл-Б-дің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, ірі қалалардың координаттары көрсетілген, құрлықтардың өзара орналасуы, бір-бірінің жалғасу реті картаға түсіріліп көрсетілген. Мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер  мен халықтардың аттары толық келтірілген. Ә. Р. әл-Б-дің картасы Тынық мұхиттан, Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солт. мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Оның географиясы  геология, минералогия, экономика ғылымдарымен және халықтар мәдениетімен тығыз байланысты баяндалған. Ә. Р. әл-Б. биол. ғылымымен де шұғылданған. Әр түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Ол өз еңбектерінде ғыл. терминдерді бес-алты тілде келтіріп, мағынасын түсіндіріп отырған. Ә. Р. әл-Б. топографияға байланысты “Геодезия” атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Ә. Р. әл-Б-дің тарихи-геогр. еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары,  олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. “Үндістан”(1031), “Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші” (1048), “Масғуд каноны” т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы т.б. тілдеріне аударылған.

Шығ.: Избр. произв., т.  1 — 3, Таш., 1957 — 66.

Әдеб.: Қазақстан мен Орта Азияның ұлы ғалымдары, А., 1964; Великие ученые Средней Азии и Казахстана, А., 1965; Розенфельд Б. А., Рожанская М.М., Соколовская З.К., Абу-р-Райхан ал-Бируни, М., 1973.

А. Көбесов

"Қазақстан энциклопедиясы"

Ұқсас материалдар