Қандастар Ассамблея

ҰБТ кезінде апелляциялық комиссия қалай жұмыс жасайды?

25.06.2015 4094
Жергілікті апелляциялық комиссияны ҚР БҒМ тағайындаған өкіл басқарады. Апелляциялық комиссияның құрамын облыстық және қалалық білім басқармалары бекітеді.

ҰБТ шеңберіндегі бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету үшін, тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы сұрақтарды шешу үшін және емтихандарға қатысушылардың құқығын қорғау үшін апелляцияларды қарастыру бойынша Республикалық комиссия, сонымен қатар әрбір тестілеу өткізу пункттерінде  Апелляциялық комиссия құрылады. Аталған комиссия тестілеу кезеңінде қызмет атқарып, емтихан аяқталғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.

Жергілікті апелляциялық комиссияны ҚР БҒМ тағайындаған өкіл басқарады. Апелляциялық комиссияның құрамын облыстық және қалалық білім басқармалары бекітеді.

Әр ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияның мүшелері ретінде жергілікті мектептердегі жоғары білікті пән мұғалімдері алынады. Комиссия өтініштерді ҰБТ-ға қатысушының жеке өзінен тестілеудің нәтижесі хабарланғаннан күннің ертесіне сағат 14.00-ге дейін қабылдайды.

Әр ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссия талапкердің өтінішін бір күн ішінде қарастырады.

Тестілеудің қорытындысымен келіспейтін талапкер белгіленген мерзімде тест тапсырмасының құрылымы бойынша немесе қандай да техникалық себептер бойынша апелляцияға шағым беруге құқығы бар.

Тест тапсырмасының құрылымы бойынша:

– тапсырманың құрылымы дұрыс емес деп есептеген жағдайда;

– жауапты дұрыс таңдап, бірақ оның қорғалмағанына сенімді болған және оған балл қосылмаған жағдайда.

Тест тапсырмасының құрылымы бойынша апелляцияға түскен өтініштерді қабылдау пән мұғалімдерінің құзырында. Оларды жергілікті апелляциялық комиссия қарастырады. Өтініш бойынша талапкердің жауабы дұрыс деп есептелсе, оны апелляцияларды қарастыру бойынша құрылған Республикалық комиссияға жібереді.

Тест теориясынан, тестілеу рәсімдерінен хабары бар, тәжірибелі және білікті пән мұғалімдерінен құралған Республикалық апелляциялық комиссия жергілікті апелляциялық комиссияның талапкерге балл қосу туралы ұсынысының қаншалықты қисынды екендігін қарастырып, соңғы шешім қабылдайды.

Талапкер кез келген өтініш берер алдында апелляцияны қарастыру - емтиханды қайта тапсыру болып табылмайтынын білуі тиіс. Апелляцияны қарастыру барысында тек сынақты тапсыру нәтижесін бағалау дұрыстығы ғана тексеріледі.

Талапкерлерді апелляция туралы дұрыс ақпараттандыру мақсатында Ұлттық тестілеу орталығында ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша апелляцияға өтініш беру және қарастыру рәсімдері жөнінде Жадынама әзірленген. Бұл Жадынама талапкерге тестілеуге қатысуға өтініш түсіру уақытында беріледі.

Егер ҰБТ-2014 кезіндегі апелляцияны қарастыру бойынша Республикалық апелляциялық комиссия жұмысының нәтижесіне назар аударатын болсақ, онда бұл уақытта талапкерлердің - 488 апелляциялық өтініш қарастырылды. Оның ішінде ҰБТ-2014 кезіндегі қолданылған тест тапсырмаларының жалпы санының 0,11%-ын құрайтын 64 тест тапсырмасы бойынша берілген талапкерлердің өтініштері қанағаттандырылды. Олардың ішінде қазақ тілінде – 33 тест тапсырмасы, орыс тілінде – 31 тест тапсырмасы.

Алдыңғы жылдардың нәтижесі бойынша да осындай мәлімет беруге болады (қанағаттандырылған өтініштер бойынша қолданылған тапсырмалардың жалпы санының 1%-нан кем).

Апелляцияға берілген тапсырмалардың негізгі кемшіліктері –оқулықтардағы тақырыптардың қарама-қайшылықтары.

Алдағы жылдың емтихандарына пайдаланылатын тест тапсырмалары сараптау жұмыстарында мұқият қаралуда.


Ұлттық тестілеу орталығы

Ұқсас материалдар