Қандастар Ассамблея

ҰБТ-ға психологиялық дайындық

12.04.2016 10503
Осыған дейін үлкен қиындықтарды көп көрмеген оқушының жүйке-жүйесі сынақ барысында сыр беріп жатады. Осының салдарынан тестілеу қорытындысы ойдағыдай емес болып шығуы әбден мүмкін.

Оқушыларды алда үлкен сынақ күтіп тұр. Ол — Ұлттық Бірыңғай Тестілеу. Жас түлектің қандай жоғарғы оқу орнына түсетіні анықталатын болғандықтан, олар үшін бұл өте маңызды оқиға. Осыған дейін үлкен қиындықтарды көп көрмеген оқушының жүйке жүйесі сынақ барысында сыр беріп жатады. Осының салдарынан тестілеу қорытындысы ойдағыдай емес болып шығуы әбден мүмкін. Сонымен, ҰБТ қарсаңында психологиялық дайындық керек пе? Мамандар бұл сауалға «міндетті түрде керек» деп жауап береді. Ендеше, психологтардың бірнеше кеңесін оқи отырыңыз.


Су 

ҰБТ алдында өзіңізбен минералды су алыңыз. Өйткені күйзеліс кезінде адам ағзасына су жетіспейді.

Жаттығу

Миыңыздың оң және сол жақ бөліктері жақсы жұмыс атқарсын десеңіз жаттығу жасаңыз. Орныңызда тұрып екі тізеңізді кезек-кезек көтеріп, оң тізеңізге — сол жақ шынтағыңызды, сәйкесінше сол жақ тізеңізге — оң жақ шынтағыңызды тигізіңіз.

Есінеңіз

Адам есінеген кезде ми бөлігіне өте алмай тұрған қан дереу жылжып,  мидың префронтальды қабағына оттегі келеді. Бұл - мидың шешім қабылдау, ойластыру, ұйымдастыру қызметіне жауап беретін бөлігі. Сондықтан тестілеу кезінде 3-4 рет есінеп алыңыз.

Тыныс жаттығулары

Терең дем алып, ауаны асықпай шығарып және асықпай дем жинап, оны тез шығарыңыз. Бұл жаттығу  қан қысымын қалпына келтіреді.

Құлағыңызды уқалаңыз

Тест тапсыру кезінде тапсырмаға назар аудару қиындап кетсе — құлағыңыздың астыңғы бөлігін (сырғалық) 2-3 минут уқалаңыз. Нәтижесін бірден байқайсыз! 


Алмас САУДАНБАЙ

Ұқсас материалдар