Қандастар Ассамблея

Әбіләзиз Исаев: Біз барлық жағдайға дайын болуымыз қажет!

14.11.2014 2612
Қазақстан халықаралық ұйымдардан басқа да бірқатар аймақтық ұйымдарға мүше ел. Тіпті кейбір мүдделі мемлекеттер біздің елді БРИКС-тің қатарынан көргісі келетінін айтып қалды.

Биыл Жолдау аясында Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлімдеді. Осыған орай Президент Жолдауына үн қосып жатқан саяси ғылымдар кандидаты Әбіләзиз Исаевтың пікірін жариялап отырмыз.

«Жау жоқ деме, жар астында. Бөрі жоқ деме, бөрік астында» – дейді қазақ. Бүгінгідей геосаяси ойындардың қызып тұрған шағында етек-жеңіңді жинамай қаннен қаперсіз отыру ақылға сыйымсыз дүние. Міне, Елбасының да дәстүрлі халыққа жолдауының келер жылдың басында емес, сол жылға дайындық ретінде, биылғы жылдың соңына жақын арнауының себебі де осында.

Қазақстан халықаралық ұйымдардан басқа да бірқатар аймақтық ұйымдарға мүше ел. Тіпті кейбір мүдделі мемлекеттер біздің елді БРИКС-тің қатарынан көргісі келетінін айтып қалды. Бұл нені білдіреді? Ал, аталған ұйымдарда бізбен бірге Ресей мен Қытайдың бар екендігін және осы елдерге Батыстың қырын қарап отырғандығын есте ұстасақ, онда саяси-экономикалық жалынның бізге де лебі тиетінін ұмытпау керек.

«Отбасы – шағын мемлекет, ал мемлекет – үлкен отбасы». Кез келген дені дұрыс отбасы айналасында болып жатқан өзгерістерге зер салып үңіліп, түсініп, алыс-жақын болашаққа жоспар құрады. Алдағы уақытта қалай болады, қандай жұмыстарды бірінші кезекте қолға алуым керек, не нәрседен отбасымды сақтандыруым қажет, қандай қауіптер немесе қиыншылық менің отбасымды күтіп тұр деген сияқты сан сұрақтар отағасын мазалайтыны хақ. Және соған сай әрекет етіп дайындалады.

Ұқсас материалдар