Қандастар Ассамблея

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің екі дүркін жеңімпазы атанды

04.07.2015 3623
Бүгін Астана қаласында өткен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп, Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті.

Бүгін Астана қаласындағы «Сарыарқа» велокешенінде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп, жеңімпаздар анықталды. 

Финалдық бәсекеде 2012 жылдың жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев пен Руслан Әбдіразақов белдесті. 

Ыстыбаев алғашқы минуттардан-ақ кілемнің ортасын иеленіп алды. Алайда оның қарсыласы өзінен біршама ауыр қарсыласына (Руслан - 115 кг, Бейбіт - 145 кг) әдіс қолдануға тырысты. Раундтың ортасында өз белсенділігінің арқасында Бейбіт алға шықты. Қалған екі минутта Ыстыбаев өзінің ұпай бойынша басымдығын ұстап тұрып, өзінің кәсіби карьерасында екінші рет «Қазақстан Барысын» жеңіп алды.  

Бұл жылы «Қазақстан Барысы» жеңімпазына 150 мың доллар көлемінде сыйақы, автокөлік, жеңімпаз белбеуі және алтын «Тайтұяқ» берілді. 

Үшінші орынды Астана қаласынан қатысты Ғани Сейділдаев иеленді. Қола жүлде үшін өткен белдесуде ол Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Жұманазар Ерсұлтановтан айласын асыра алды. 

Атап өтерлік жайт, қазақ балуандарының жарысына шетелдік БАҚ та қызығушылық таныта бастады. Биыл «Қазақстан Барысы-2015» турнирінің онлайн көрсетілімін ресейлік «Боец» арнасы жүзеге асырды. 


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар