Бес дзюдошы Риодағы Олимпиадада бақ сынайды

06.06.2016 2192
Үкілі үміт

Елдос Сметов (60 кг), Жансай Смағұлов (66 кг), Максим Раков (100 кг), Галбадрах Отгонцецег (48 кг) және Мариан Ордабаева (63 кг) Халықаралық дзюдо федерациясынан Олимпиада ойындарына қатысуға ресми шақырту алды.

«Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада еліміздің намысын абыроймен қорғап, ел қоржынын медальмен толықтырады деген үміттеміз», - деді Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков Алматыдағы Дзюда академиясында өткен баспасөз мәслихатында.
Спортшыларымыз Риодан жеңіспен оралуға дәмелі, сондықтан, ең алдымен жаттығуды бастаймыз деп отыр.
«Мен ерлер командасымен жаттығамын. Алдымен бізде тауға көтерілу мен күш даярлығы жоспарланған, ал содан кейін Олимпиадаға қызу дайындық басталады. Әрине, «алтын» алу үшін жаттығатын боламын, кейінгісін татами көрсетеді», - деп, Мариан алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Ұқсас материалдар