Қандастар Ассамблея

Бермудтық үшбұрыш жайлы бірер дерек

19.06.2014 8837
Бермудтық үшбұрышты халық тылсым мен құпияға толы, Атлант мұхитында орналасқан үшбұрышқа құрылған шағын аумақ ретінде елестетеді.

Бермудтық үшбұрышты халық тылсым мен құпияға толы, Атлант мұхитында орналасқан  үшбұрышқа құрылған шағын аумақ ретінде елестетеді. Онда түскен кез-келген дүниенің жоғалып, қайта табылмауы – адамдарды әлі күнге дейін сұрақ астында қалдыруда. Тіпті тылсымға біткен үшбұрыштың өзіндік шекарасы да анықталды. Ол – Флоридадан Бермуд аралдарына дейін, одан – Пуерто Рикоға, сосын Багам арқылы қайта Флоридаға дейін созылып жатыр.

Мұхиттағы және әуедегі құпия құбылыстарға барлық дәуірдің адамдары қызығып өткен. Құбыжықтар мен сол секілді бейнелер салынған түрлі суреттер мен карталар да бар. Уақыт ауысып, тіпті жер беті даму үстінде тұрса да әлі күнге дйін ашылмаған құпия заттар көп-ақ екен. Ақылды саналатын барлық ғалымдар осы құбылыстарды шама-шарқынша түсіндіріп әлек.   

Неге үшбұрыш?

Егер Бермуд теорияларына сенер болсақ, ешқандай да нақты шекарасы бекітілмеген. Дегенмен, ғалымдар тылсымның ең қарқынды дамыған аумағына – Бермуд аралдарын, Флорида және Пуерто Риконы жатқызады.Ал статистика әлгі аумақтардан тыс жерде екенінен сендіреді. Осының өзінде нұсқалар екіге жарылады. Бұл аймақты зерттеп жүрген кісілердің өз болжамдарына сүйеніп айту салдарынан түрлі фактілер бар. Айта кетерлігі, «Бермудтық үшбұрыш» деп ертеде емес, 50 жылдардан бері ғана қолданып келеді екен.Соңғы кездері ғана дамыған техникалардың көмегімен аномальді оқиғалардың орын алатын аумақтарын білуге мүмкіндік алды. Десекте, ешқандай техника радар мен монитордан жоғалып кететін ұшақтар мен кемелердің себебін түсіндіріп бере алмады.

Орын алған түрлі оқиғалар.  

Бермуд терриоториясына 1945 жылы бақылау орнатты. Бұл жобаға құтқарушылар қызметі мен ғалымдар атсалысты. Дәл осы топтың септігінен 140 адам ажал аузынан аман қалды. Осыдан кейін құпия ашылатындай көрінді. Бірақ, оңай емес. Анықталған нәрселер керісінше ғалымдарды сан тарапқа адастыра берді. Сол бақылау жұмыстары басталғалы бері осы аумақта 100 ге тарта үлкенді-кішілі техника жоғалды. Олар ешқандай із қалдырмастан ізім-қайым жоқ болды. Жоғалған орыннан ешқандай да сынықтар мен техника жабдықтары да табылмаған. Бермудтық бұрыштың әр сантиметрін қалдырмай анықтап зерттеген, бірақ көңілге қонымды жауап таба алмады. Бұл арнада жоғалған жолаушылардың да табылмағаны – «Бермуд бейіті» деген атауды тудырды.

Болжам мен дерек.

Зерттеушілердің көпшілігі жақын арада Бермуд үшбұрышының құпиясы ашыларына сенімді. Қазіргі таңда ғалымдарды алаңдататын басты мәселе де осы. Дұрыс жауап - бізге әлі белгісіз. Біздің қолымыздан келері – тек территорияда орын алып жатқан сан түрлі тылсымды бақылап, нақты нәтижені күту ғана.      

Ұқсас материалдар