Қандастар Ассамблея

Бензин әлде дизель? Қандай көлік таңдаған дұрыс?

01.03.2016 5841
«Қандай көлік алсам екен» деп жүрген адамдар болса, алдынан міндетті түрде бір сұрақ шығары анық. Ол: бензинмен жүретін көлік пе, әлде дизельмен бе? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.

Автофорумдарда бензинмен жүретін көлікке дизель немесе керісінше дизельмен жүретін көлікке бензин құю мәселесі көп талқыланады. Мақаламыздың басында ескерте кетейік, бұлай жасаудан аулақ болыңыз. Өйткені, екі жанармайдың тежегіш цилиндірінде жану принціпі екі түрлі. Егер жоғарыда айтылғандай істейтін болсаңыз, қозғалтқышыңыз жұмыс жасамайды. Оның үстіне қосымша шығынға батып қалуыңыз әбден мүмкін.

Ал егер «қандай көлік алсам екен» деп жүрген адамдар болса, алдынан міндетті түрде бір сұрақ шығары анық. Ол: бензинмен жүретін көлік пе, әлде дизельмен бе?  Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.  

Қазақстанда бензинмен жүретін көлік саны дизельге қарағанда едәуір басым. Оған себеп, халық арасында қалыптасқан «дизельді тежегіштер көбінесе жүк тасушы көліктерде қана болады» деген  стериотип.  Мысалы: КАМАЗ жүк көлігі, «Беларусь» тракторы т.б.

Еуропа мемлекттерінде дизельмен жүретін көліктерді пайдаланушылар саны 50%-ға жуық. Егер дизель біз ойлағандай тиімсіз болса, неге осыншалық көп адам бұл жанармай түрін пайдаланады?

Тиімділік

Бензин бағасы жанармай бекеттерінде 89 теңгеден 160 теңгеге дейін жетеді. Ал, көпшілік қолданатын 92-ші маркалы бензин 125 теңгені құрайды. 2015 жылдың қыркүйек айында қабылданған заң бойынша Қазақстанда дизель бағасының құны 99 теңгеден аспауы қажет. Қазіргі таңда бұл баға заңға сәйкес орнықты қалпында тұр. Демек, дизельдің бағасы әлдеқайда төмен.

Үнемділік

Дизельді қозғалтқыштар бензинді қозғалтқыштарға қарағанда жанармайды азырақ қолданады. Мұны жоғары дәрежелі қысыммен түсіндіруге болады. Бензин – 10 бірлік. Дизель – 20 бірлік.  Осының арқасында дизельмен жүретін көліктер қарсыласына қарағанда жанармайды 20 пайызға азырақ қолданады.

Жылдамдық

Осыдан жиырма жыл бұрын бензинмен жүретін қозғалтқыш күштірек болатын. Мысалы: Mercedes- Benz  автокөлігінің 124 шанағында (кузов) 136 аттың күші болса, дәл осы шанақтағы E 200 D шығарылымында 75 қана аттың күші бар. Алайда, бұл көрсеткіш бүгінгі таңда теңесіп қалды. Техниканың дамуы және дизель жанармайының сапасының артуы алғашқы жүздікті қарсыласына қарағанда тезірек артта қалдыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қорыта келгенде:

Дизель «Евро-4» стандарттарына сәйкес табиғаттқа залалы азырақ.

Қазақстандық дизель Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда сапасы жағынан төмен. Бұл көлігіңіздің ұзақ қызмет атқаруына әсер етері сөзсіз.     

Дизельді қозғалтқыштар ұзағырақ қызмет атқаратын болғанмен, көлігіңіз бұзыла қалған жағдайда оны жөндеу біршама қымбатырақ болады.

Бензинмен жүретін көліктердің бағасы дизельді көліктерге қарағанда арзан.

Әрине, көлік сатып алғаннан кейін, оны күтіп айдасаңыз, уақытында майын ауыстырып, техникалық бақылаудан жыл сайын өтіп тұрсаңыз темір тұлпарыңыз ұзақ қызмет атқарары анық. Ал «бензин бе, әлде дизель ме» деген сауалдың жауабын табуды өзіңізге қалдырамыз. 


Рүстем ӘЛПИ 

Ұқсас материалдар