Белорусь жазушысы – әдебиет саласындағы әлемдегі 14-ші әйел

09.10.2015 2187
Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы соңғы 28 жылда алғаш рет орыс тілді авторға берілді.

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы соңғы 28 жылда алғаш рет орыс тілді авторға берілді.  Нобель сыйлығының су жаңа иесі – белорусь жазушысы Светлана Алексиевич.

«Оның көпдауысты шығармашылығы  — заманымыздың бейнетті ескерткіші мен ерлігі үшін», — Швед академиясының хатшысы Сара Даниус.

Светлана Алексиевич — белорустың орыс тілінде жазатын әлемге танымал жазушысы. Ол Ұлы Отан соғысы жайлы бірнеше кітаптың авторы. Чернобыль апаты жайлы жазған «У войны не женское лицо» (1985), «Последние свидетели» (1985), «Цинковые мальчики» (1989), «Чернобыльская молитва» (1997) еңбектері бар.

Айта кетейік, әдебиет саласындағы 2014 жылғы Нобель сыйлығы француз жазушысы Патрик Модианоға берілген болатын. Нобель сыйлығы «адамның жұмбақ тағдырларымен басқыншылық кезіндегі өмірлік әлемін ашып бергені үшін» табыс етілген.

Жыл сайын лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 10 желтоқсанда, швед кәсіпкері әрі өнертапқышы Альфред Нобельдің қайтыс болған күні өтеді.

Жазушы енді 8 млн крон (950 мың $) сыйақы алады. Швед академиясының хатшысы Сара Даниус – бүл қызметкен 1 маусымнан бастап кірісті, сондай-ақ, осы орынға жайғасқан алғашқы әйел. Ол шау тартқан тарихшы Петер Энглунды алмастырған болатын.

Светлана Алексиевич – 1948 жылы туған. Негізгі кәсібі журналист, бірнеше жыл Белорусь КСР-ы тұсында газеттер мен журналдарда қызмет атқарған. 1985 жылы соғысқа қатысқан әйелдердің монологынан тұратын «У войны не женское лицо» атты еңбегін жариялады.

Светлана Алексиевич – әдебиет үшін берілетін әлемдегі ең мәртебелі сыйлықты алған 14-ші әйел.

«Светлана Алексиевич – қарымды прозашы, танымал белорусь публицисті Алесь Адамовичтің мектебінен шыққан ең үздік жазушы» – дейді жазушы Дмитрий Быков. Сондай-ақ, Д.Быковтың айтуынша, швед академиктері Светлана Алексиевичтің еңбектерін қарағанда ең біріншіден әлеуметтік жағына көп мін берген, сосын барып көркемдігіне үңілген деп есептейді.

«Светлана Алексиевич – Нобель сыйлығын алған бесінші кеңестік жазушы. Әрине, Белорусь өз алдына дербес мемлекет. Бірақ Светлана ең мықты туындыларын кеңестік кезеңде жазды, жазушы ретінде де сол уақытта қалыптасты. Сол себепті оны кеңестік жазушылардың қатарына қосуға болады», – дейді Д.Быков.

Бірнеше букмекерлік кеңселер Светлананың фавориттердің қатарында екендігін айтты. Мәселен, оған британдық «Ladbrokes» және ирландиялық «PaddyPower» букмекерлік орталығы үлкен сенім артты. Өзінің «homo soveticus» тақырыбындағы, яғни советтік ескі идеялар һәм түсініктермен шектелген адамдар хақындағы шығармалары мәртебелі сарапшылардың көзіне осымен 3-ші мәрте ілігіп, ақыры лайықты бағасын алды.


Әзірлеген: Досжан Мейірім

Ұқсас материалдар