Қандастар Ассамблея

Әбділдин Жабайхан

28.08.2014 3062
ӘБДІЛДИН Жабайхан Мүбәрәкұлы (16.2.1933 ж. т. Павлодар обл. Май ауд. Майтүбек а.) — ғалым, философия ғылымының докторы (1968), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның академигі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген ғыл. қайраткері.

ӘБДІЛДИН Жабайхан Мүбәрәкұлы (16.2.1933 ж. т. Павлодар обл. Май ауд. Майтүбек а.) — ғалым, философия ғылымының докторы (1968), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның академигі (1983), Қазақстанның еңбек сіңірген ғыл. қайраткері. ІазМУ-ді бітірген (1954). 1958 — 84 ж. Қазақстан ҒА-ның Филос. және құқық ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры қызметтерін атқарды. 1984 — 86 ж. Қазақстан ҒА Іоғамдық ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы, 1986 — 95 ж. ҒА-ның вице-президенті болды. 1990 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сайланды. 1994 ж. ІР-ның тұңғыш Парламентіне депутат болды. 1995 жылдан қазірге дейін ІР Парламентінің сенаторы, Сенаттың Халықар. істер, қорғаныс және қауіпсіздік к-тінің төрағасы.

Әбділдиннің ғыл. еңбектері негізінен диалект. логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логик. және гносеол. функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логик.-методол. рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалект. логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық моногр-лар жарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалект-ың логик. функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғыл. жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методол. мәселелерімен ұштастырылды. Ә-нің ғыл. басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды.

Ә. белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол 1987 — 89 ж. Ш. Іұдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақтау мәселесімен айналысқан арнаулы комиссияларды басқарды. 1987 ж. ғылым мен тех. саласындағы Лениндік және КСРО Мемл. сыйлықтары жөніндегі к-ттің мүшесі болды. 1986 — 91 ж. Кеңес-қытай достығы қоғамы  Қазақбөлімшесі басқармасының төрағасы, 1981 — 90 ж. КСРО филос. қоғамы Қазақстан бөлімшесінің төрағасы міндетін атқарды. 1990 жылдан бастап Қазақфилос. қоғамының Президенті, ІР Мәдениет қорының төрағасы. Ә. Қазақстан Мемл. сыйлығының (1984) ІР Президентінің Бейбітшілік және рухани татулық сыйлығының (1994), қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Ш. Уәлиханов атынд. сыйлықтың (1974) иегері. Еңбек Қызыл Ту, “Іұрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.

Ш ы ғ.: Проблемы начала в теоретическом познании. А., 1967; Диалектико-логические принципы построения теории. А., 1973 (совместно с А.Н. Нысанбаевым); Диалектика Канта. А., 1974.

М. Сәбитов

"Қазақстан энциклопедиясы"

Ұқсас материалдар