Қандастар Ассамблея

Баянауылда қандай жануарлар мекендейді

16.06.2015 12560
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар әлемі қандай

Қойнауы тарих пен шежіреге толы қасиетті мекен Баянауыл өлкесінде мемлкеттік ұлттық парк бар. Ұлттық парктің бай табиғаты жылдың төрт мезгілінде де көркімен көз қуантады. Көптеген тіршілік атаулыға пана болған құтты мекенде сирек кездесетін аң, құстар тіршілік етуде.  

Баянауыл мемлкеттік ұлттық паркінде аңдардың қырыққа жуық, құстардың елу түрі табиғат паркінде өздерін емін еркін сезінеді. Олардың арасында Қызыл кітапқа енген – бүркіт, арқар, құзғын, ителгі, бірқазан, аққу, тырна секілді тіршілік иелері бар. Парктің тоғыз көлінде, соның ішінде ең ірілері Сабындыкөлде, Жасыбай, Торайғыр мен Біржанкөлде балықтың тоғыз түрі атап айтқанда алабұға, шабақ, шортан, қара балық, ақ балық бар.

Бұл көлдер ерекше мемлекеттік маңызы бар су қоймаларының тізбесіне енген. Торайғыр мен Жасыбай айдындарының ортасында құпиясымен саяхатшылардың қиялын тербейтін аралдар тұр. Ең көріктісі – Жасыбай. Суы мөп-мөлдір, түбінде жатқан тастар мен жүзіп жүрген балықтарды көруге болады.    

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жануарлар дүниесін, сүтқоректілердің 48 түрі құрайды, олар 5 отрядқа жатады. Жәндікжегіштер отрядына 5 түр, жыртқыштар отрядына 9 түр, қостұяқтылар отрядына 3 түр жатады. Негізгі түрі Қазақстанның тау қойы – арқар. Ол Қазақстанның қызыл кітабына енген. Басқа екі түрі: елік пен бұғы. Олар да өте сирек кездесетін аңдар.

Ұлттық паркте алуантүрлілігі жағынан ең көп таралған құстар болып табылады. Бұл жерде тұқымы 10-нан астам жалпы саны 67 ұя салатын құстар мекендейді. Ұя салатындар қатарына су қоймалары маңында көбейетін, суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстар жатпайды. Көктем мен күзгі уақытта кейбір көшіп-қонатын құстар ұлттық парк аумағында демалуға және тамақтануға тоқталады. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ғылыми-зерттеу институты жүргізген есеп бойынша ұлттық парк аумағында 19 отрядқа, 38 тұқымдасқа жататын құстардың 144 түрі анықталған.

Ұлттық парктің ихтеофаунасы 3 тұқымдасқа, және 3 отрядқа жататын 13 түрден тұрады. Ең көп таралғаны 10 түрге дейін жететін қалынтыр тұқымдасы болып табылады. Көлдерде эндемиктер жоқ.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің зерттеу нәтижесіне сай жәндіктердің 87 түрі жәндіктер санатына, су омыртқасыздарының 10 түрі қарын аяқты малюскалар санатына жатады. Жәндіктердің 69 түрі басты түрге жатқызылса, 18 түрі сирек кездесетіндерге жатқызылған.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, кластерлі учаскелерінде құстың Қызыл кітапқа енген 12 түрі кездеседі. Ұбақ тек анда-санда парк аумағын мекендейді. Ұя салатын ителгі, бүркіт, қарақұс, дала қыраны, үкі, бақалтақ қыран, шағалаларды кездестіруге болады. Қара дегелек, бұйра бірқазан, сұңқылдақ аққу, ақбас тырна секілді құстарды көктемгі және күзгі  мезгілде көруге болады.

Ителгі, қарақұс және үлкен шаңқылдақ қыран сондай-ақ  дала құладыны, дала күйкентайы секілді тіршілік иелері құрып кету қаупі бар құстар санатына енгізіліп, IUCN және BirdLife International-дың екінші тізіміне кіргізілген. Баянауыл паркінің және «Қызылтау» табиғи қаумалы аумағында кездесетін қызыл кітапқа енген сүтқоректіге арқар, көптісті жертесер, омыртқасыздар қатарына инеліктер, тұқымдасы отрядынан әсемқыз инелігі, әпкіш тұқымдасынан әмірші инелік, қатты қанылар тұқымдасынан ызылдақ қоңыздар торқанатты сұлу ызылдақ енгізілген.

Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 

Ұқсас материалдар