Қандастар Ассамблея

Бауыржан ТҰМАНОВ: Ұлттық қор қаражаты – ел игілігіне

17.11.2014 2921
Елбасы өзінің биылғы Қазақ­стан халқына Жолдауы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасын өткен сейсенбі күні өткізілген «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысынан кейін іле-шала жария жасады.

Елбасы өзінің биылғы Қазақ­стан халқына Жолдауы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасын өткен сейсенбі күні өткізілген «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысынан кейін іле-шала жария жасады. Мен – сол күні оны Елбасының тікелей өз аузынан есту мен тыңдау мүмкіндігіне ие болғандардың бірі­мін. Ең алдымен айтарым, Нұр­сұлтан Әбішұлы бұл күні алдағы бір жылдың ауқымымен шектелмей, еліміздің таяу бола­шағына тайға таңба басқан­дай дәл, айқын болжамдар жасады. Қазіргі уақыт пен кезеңнің барша қазақстандықтар үшін күрделі екенін ашық айтты.

Мұндай сындарлы шақ, ең біріншіден, елдің қарапайым тұрғындарына салқынын ти­гізіп, әртүрлі әлеуметтік төлем­­дердің кеміп кетуіне әке­ліп соқтыруы мүмкін. Соны­мен бірге, бюджеттік салаға нұқсан келуін де жоққа шығаруға болмайды. Елбасы мұның бәрі негізінен сыртқы факторларға, дүниежүзілік қар­жы дағдарысының тоқтамай тұрғанына, оның екінші бір лебі есе бастағанына, бірқатар Еуропа елдерінің іргедегі көршіміз Ресейге жасаған экономикалық санкцияларына байланысты екенін атап көрсетті. Сөз жоқ, бұл жоғары-төмен балды өзге­рістер Қазақстанға да әсерін ти­гізбей қоймайды.

Сондықтан да, Мемлекет басшысы бұл үшін Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінетінін мәлімдеді. Әсіресе, одан тұр­ғын үй, жол құрылысына, инфра­құ­рылымдарды дамытуға бөлі­нетін қаражаттың молдығы Елбасы ұстанған экономика мен әлеуметтік саясаттың бір­лігін та­ғы бір мәрте паш ете ала­ды. Қай кезде де жол эко­но­миканың күре­тамыры болып келеді. Бұл ретте, елдің іші мен сыртындағы автожолдар мен теміржолдар және әуе қатынастары бұрын-соңды болып көрмеген қарқынмен дамымақ.

Елбасы дәстүрлі Жолдаудың өз уақытынан ерте жариялану мәнісіне де тоқталып өтті. Яғни, бұл қадам дүниежүзілік дағдарыс толқынының алдын алудан, бұл үшін не істеп, не тындыру қажеттігін ерте бас­тан ойластыру мен қамдастыру қа­жеттігінен туындаған. Әйтпесе, кеш қаларымыз анық, деді Мем­лекет басшысы. Сөйтіп, төбесі көрініп қалған алдағы 2015 жыл­дың бірінші қаңтарынан бастап Жолдауда қойылған талаптар мен міндеттердің орындала бастауы, оның алғашқы нәтижелері де көрінуі хақ.

Иә, Саяси кеңестің отырысында «Нұрлы Жол» бағдарламасына сай елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейін төмендетпеу үшін ұлттық қордан мол қаражат бөлінетіндігі айтылды. Мұнай-газ кен орындарын игеру мен салықтық түсімдерді молайтудан және бюджеттің кіріс көздерін ұлғайтудан түсетін қар­жылар ұлттық қорға жинақ­талатыны белгілі. Демек, бұл халықтың өз қаражаты деуге болады. Ендеше, «Нұр Отан» партиясының Парламент пен мәслихаттардағы депутаттық фракциясының мүшелері оның тиімділігі мен өз мақсатына жұмсалуына тиісті бақылаулар орнатуы қажет деп түсінемін. Өйткені, халықтың қаражаты оның өз игілігіне жұмсалуы керектігі талас туғызбайды.


Бауыржан ТҰМАНОВ,

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі.

Ұқсас материалдар