Батыс Қазақстанда 2 278 отбасына жер телімі беріледі

21.07.2016 2521
Жер тағдыры

Батыс Қазақстан облысында кезекте тұрған 2 мың 278 отбасыға жер телімі биыл берілетін болды. Бұл мақсатқа үкімет қорынан қосымша 1,2 млрд теңге тартылған, деп жазады 24.kz.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы инженерлік-коммуникациялық жүйелерді тартуға жұмсалмақ. Ақ Жайық өңірі бойынша тұрғындарға жер телімі ең көп берілетін аудан  Бөрлі екен. Онда биыл 1 623 адам жеке үй салатын жер алады. Ал облыс орталығының іргесіндегі Зелёнов ауданында жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтарға 360 жер телімі үлестірілуі тиіс. Ол жерлер аудан орталығы Переметный мен Володар және Белес ауылдарынан әзірленіп жатыр.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ауданға 250 млн ақша бөлінді. Ол деген электр желілері және сумен қамтамасыз ету жөнінде. Володар ауылынан 200-дей адамға беріледі. Переметный ауылынан 200, соның 100 учаскесін беруді бастаймыз құрылыс аяқталғаннан кейін. Сонымен қатар Белес ауылында жоспар дайын», – деді Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайрат Төлегенов.

 

 

Ұқсас материалдар