Қандастар Ассамблея

Барак Обама Наурыз мейрамымен құттықтады

24.03.2016 1441
АҚШ президенті Барак Обама және мемлекеттік хатшы Джон Керри барлығын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

 АҚШ президенті Барак Обама және мемлекеттік хатшы Джон Керри барлығын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

                 

Джон Керри:

«Наурыз мейрамын тойлап жатқан барлық мемлекеттерді шын жүректен құттықтаймыз.Президент Обамамен бірігіп бірігіп баршаңызға бақыт, денсаулық және береке тілейміз. Америкалықтар ретінде біз де көктемнің келгеніне қуаныштымыз және бұл мейрамды атап өтетін барлық Ислам мемлекеттерін, Орта Азия, Кавказ мемлекеттерін және Америка халқын мейрамдарымен құттықтаймын».

Мемлекеттік хатшы Джон Керридің айтуынша Наурыз – жаңару мерекесі. Бұл мейрам отбасыларға көктемнің келгенін атап өтіп, өткенге көз жүгіртіп, келешекке үмітпен қарайтын күн.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстандағы Америка елшісі Джордж Крол барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен қазақ тілінде құттықтады. Бейнеролик елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған болатын.


Дәурен ОМАРОВ 

Ұқсас материалдар